20.04.2026
Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінде студенттермен кездесу өтті.
19 наурыз Алматы облысының Қарасай ауданында Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінде «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-нің Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты арнайы әлеуметтік жоба аясында студенттермен кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және еліміздегі жағдайды, өткен референдум мәселелерін талқылау, насихаттау болды.
Шараның спикері ретінде «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының жетекшісі Сыдыков Ардақ Мауытханұлы сөз сөйлеп, жастарға құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, қоғамдағы құндылықтар, елімізде өткен референдум тақырыбы да қозғалды. Ең бастысы жастардың болашағы және Қазақстан үшін өте маңызды су шаруашылығы жайлы сөз қозғалды.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық санасын арттырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы берік ұстаным, өз болашағына, таңдаған мамандығына деген сенім қалыптастыруға ықпал етеді.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі