17.04.2026
ЗАҢНАМАЛЫҚ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАРДЫ ЖӘНЕ ПАРАСАТТЫЛЫҚ ИДЕОЛОГИЯСЫН ІЛГЕРІЛЕТУ
14.04.2026 жыл.
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының бастамасымен Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы ММ-нің жеке құрамы үшін «Жастарды құқықтық тәрбиелеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жоба аясында жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кездесу іс-шарасы өтті.
Іс шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың құқықтық негіздері бойынша ақпараттық-түсіндіру . Аталған іс - шараға басты спикер ретінде «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің жетекшісі, филиал басшысың орынбасары Жексембаев Қайнар Ерланұлы қатысты.
Кездесу барысында Қайнар Ерланұлы еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын, заңнамалық жаңашылдықтарды және парасаттылық идеологиясын ілгерілетудің маңызын жан-жақты түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, құқық қорғау және күзет саласы қызметкерлерінің кәсіби этиканы сақтауы – қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтудың басты шарты екеніне ерекше назар аударды.
Жиын соңында жеке құрам тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша нақты практикалық кеңестер айтылды. Жемқорлыққа қарсы насихат парақшалары таратылды. Шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға септігін тигізді.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі