13.03.2026
Жастардың дүниетанымы құқықтық тәрбиеден басталады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қандай бастамасы да азаматтардың әл-ауқатын нығайтуға, қазіргі қазақстандық қоғамның ең өткір әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталатыны баршаға белгілі. Бұған жаңа Конституция жобасында да айрықша назар аударылып, айқын басымдық беріліп отыр.
Осы орайда «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің алдына қойған басты мақсаттарының бірі – Мемлекет басшысының бастамаларын қолдау. Бірлестіктің Атырау облысы бойынша филиалының бастамасымен өңірде «Жастарды құқықтық тәрбиелеу — сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында ауқымды жоспарлы жұмыстар жүйелі жүзеге асырылуда.
Атап айтқанда, жастарға қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алудың жолы, оларды келеңсіздіктерден сақтандыру үшін кездесулер, дәрістер, семинар-тренингтер, зияткерлік ойындар, түрлі байқаулар, «дөңгелек үстел» басындағы дидарласулар өткізілуде.
Мақсат – жастардың құқықтық белсенділігін арттыру, құқық бұзушылық деректерінің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру.
Мәселен, Атырау қаласындағы «BAIZAAR» сауда ойын-сауда орталығында тұрғындар үшін қоғамдық қабылдау өткізілді. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитеттің мүшесі, Қазақстанның Құрметті заңгері Абзал Құспан жоғары оқу орындары және көпсалы колледждер студенттерімен кездесті. «Әділетті Қазақстанның конституциялық тұғыры ретіндегі заң мен тәртіп» тақырыбындағы әңгіме түйіні «дөңгелек үстел» басында тарқатылды.
Сол сияқты «Зорлық-зомбықсыз қоғам: заң талаптары» тақырыбында жалғасын тапқан семинар-кеңесте тұрмыстық және қоғамдық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары мен қолданыстағы заң талаптары түсіндірілді. Сонымен бірге спикерлер зорлық-зомбылықтың түрлері, салдары мен жауапкершік мәселелерін жан-жақты талқылады. Өз кезегінде қатысушылар да ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарымен ортақтасты.
Жоспарланған шаралардың соңы жастар арасында жүргізілген сауалнамаға ұласты.

Гүлсім МҰХАМБЕТОВА,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің сеньор-лекторы, заң ғылымдарының магистрі
Түп нұсқаға сілтеме: https://atr.kz/kozqaras/zhastardyn-dunietanymy-quqyqtyq-tarbieden-bastalady/