13.03.2026
15 НАУРЫЗ - ЕЛІМІЗДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ
11 наурыз Қайырымдылық күніне орай Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті және БҚО «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан Ақсерік Сарыұлы Әйтімов балалар үйінің түлегі, облысымыз бойынша балалар үйлерінің өзекті мәселелерін көтеріп, олардың тұрғын үй және тұрмыстық проблемаларын шешуге белсенді атсалысып жүрген қоғам белсендісі, өз еңбегімен танылған азамат Марат Қызылбасовқа ақ тілектер айтып, ноутбук табыстады. Қайырымдылық күнінің мәні нағыз жаңару – яғни жақыныңа жәрдемдесуден, көршіге жылы қабақ танытудан, адамға жанашыр болудан басталатынын еске салады.«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі



