11.03.2026
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ШТАБЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
«Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында "ЖАҢАРУ" сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қарағанды облыстық филиалының директоры және Қарағанды индустриялық университетінің ректоры Жаутиков Бақыт Ахатұлы студенттермен кездесу өткізді.
Студенттерге Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша 15 наурызда өтетін алдағы республикалық референдум туралы айтылды. Шараға жоғары оқу орнында дауыс беруді қолдау жөніндегі жалпыұлттық коалицияның облыстық штабы өкілдері қатысып, студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді.
Университет басшылығы мұндай кездесулердің мақсаты үгіт-насихат емес, жастарды ақпараттандыру және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру екенін атап өтті.
«Біз адамдарды иә немесе жоқ деп дауыс беруге мәжбүрлемейміз, заңдағы болып жатқан өзгерістерді оның әрбір адамға қалай әсер ететін түсіндіреміз. Барлығының референдумға келіп, өздерінің азаматтық борышын өтеп, дауыс беруге шақырамыз» - деді өз сөзінде Б.А.Жаутиков.
Университет студенттері елдің қоғамдық-саяси өміріне және болашақ өзгерістерге белсенді қызығушылық танытуда. Жоғары оқу орнында дебат қозғалысы дамыған студенттік парламент жұмыс істейді, ал білім алушылардың өздері қалалық және республикалық деңгейдегі қоғамдық және жастар жобаларына қатысады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай кездесулер жастарға ұсынылып отырған өзгерістерді тереңірек түсінуге және дауыс беруге саналы түрде қатысуға көмектеседі.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі