10.03.2026
КЕҢЕС ӘСКЕРЛЕРІНІҢ АУҒАНСТАННАН ШЫҒАРЫЛУЫНЫҢ 37 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ФУТБОЛДАН ТУРНИР
Алматы қаласында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 37 жылдығына арналған футболдан спорттық іс-шара өтті. Турнирді «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-гі Алматы қаласындағы филиалының қолдауымен Алматы қалалық Ауғанстан ардагерлер одағы және Футбол ардагерлері федерациясы ұйымдастырды.
«Жастарды құқықтық тәрбиелеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жоба аясында өткізілген спорт додасының мақсаты – жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын, бейбітшілік, әділдік пен адалдық, достық, өзара көмек, ұрпақтар сабақтастығын насихаттау.
Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар да шебер әрі ұйымшыл ойынымен көрермендерді тәнті етті. Ойын соңында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» мүшесі, Ауғанстан ардагерлер одағының төрағасы Мұрат Абдушкуров турнир жеңімпаздары мен қатысушыларына кубоктар мен грамоталар табыс етті.Шара барысында насихат парақшалары таратылып сауалнама жүргізілді.
Алдағы уақытта да салауатты өмір салтын дәріптейтін, ұрпақтар сабақтастығын насихаттайтын, тәрбиелік маңызы зор спорттық іс-шаралар жалғасып тұратынына сенім мол.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі