06.11.2025
«Білімді жастар – болашақтың кепілі»
6 қараша 2025 жыл Алматы облыстық «ЖАҢАРУ» РҚБ-гі филиалының ұйымдастыруымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» əлеуметтік жобасы аясында Қонаев қаласының көпсалалы колледжінің студенттері дәріс оқылды.
Дәрісті «ЖАҢАРУ» РҚБ-і Алматы облысы филиалының директорының орынбасары Аугамбаев Едил Маймашевичке жүргізіп отырды.
Іс-шарасының мақсаты - студенттер арасында адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту, жастардың назарына, жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, жастар арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу.
Спикер жастардың заңға қайшы әрекеттерге жол бермеуі туралы сөз етті. «Сонымен қатар қоғамдық орындарда тәртіп бұзушылықты болдырмау (қоқыс, темекі, т.б.), туған жеріміздің табиғатын құрметтеу, қамқорлық білдіру керек»,- деп сөзін қорытындылады.
Баяндамашы тақырыпты өз өмірінде орын алған жағдаймен байланыстырып, студенттерді адалдыққа шақырды. «Әрбір адам жемқорлыққа жол бермеу үшін адал болуы керек. Жастар –болашақтың кепілі»,- деп сөзін түйіндеді.
«Жастар» саясатының ауылдық жерлерде де өз жұмысын атқарып отырғандығы туралы атап айтты. «Жастарымыз мемлекетіне қызмет етсе, еліне, Отанына махаббаты болса, еліне жаны ашыған әрбір азамат пен азаматшаның сыбайлас жемқорлықпен де күресуге ат салысары анық»,- деп сөзін аяқтады. Баяндамашы сөз соңында: «Сыбайлас жемқорлықпен күресудің басты бағыты –алдын алу болып табылады. Оны тек бірлесіп қана жеңе аламыз»,-деп қорытындылады.
“ЖАҢАРУ” баспасөз қызметі


