17.10.2025
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
17 қазан 2025 жылы «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Түркістан облыстық қоғамдық бірлестігі Жетісай ауданындық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және қоғамдық даму министрлігінің «Жастарды құқықтық тәрбиелеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» арнайы әлеуметтік жобасы шеңберінде бойынша іс-шаралар кешенін өткізу атаулы әлеуметтік жобаның шеңберінде «Ғани Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжінің” акт залында колледж ұжымы және жастарымен дәріс өтті.
Іс - шараның басты мақсаты жастардың құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктерден хабардар болу, құқықтық қорғалу және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру . Іс-шарасының мақсаты - студенттер арасында адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту, жастардың назарына, жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, жастар арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеуЖастардың құқықтық сауаттылығын, нормативтік-құқықтық актілердің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру.
Кездесу барысында Ғани Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжінің орынбасары Жетібаева Нұрхал жастарға тәрбиемен білімді қатар алып жүру екенін нұсқап , “Жас қыран” жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымы” облыстық филиалының төрағасы Бақдәулет Сансызбайұлы, Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің қызметкері Әмір Әбдісалам Алдиярұлы, Жетісай және Мақтаарал аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің инспекторы Абенова Эльмира қатысып, сөз сөйлеп өзекті ойларымен бөлісті. Оқытушылармен студенттердің сұрақтарына Заң аясында жауап берді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық насихат үнпарақтар таратылды.
“ЖАҢАРУ” баспасөз қызметі


