27.11.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру
6 қазанда «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жоба аясында Қарағанды индустриялық университетінде студенттер үшін «Цифрлық технологиялар арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу: халықаралық тәжірибе және Қазақстан практикасы» тақырыбында ерекше дәріс өтті.
Шараның бас спикері «ЖАҢАРУ» республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының басшысыф, спикер Серікжан Берікбайұлы Байбосынов жүргізді. Іс-шара жастарды әділ қоғам құруға ынталандыруға бағытталды. Дәріс барысында студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің үздік халықаралық үлгілерін зерттеп, Қазақстан тәжірибесімен танысты және адалдық пен заңдылықты сақтау үшін цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін қарастырды. Ерекше назар тәжірибе алмасу мен инновациялық шешімдерді талқылауға аударылды: қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, заманауи цифрлық құралдардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қалай ықпал ете алатынын белсенді талқылады. Аталған іс-шара жастар арасында заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын түсінуге, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді әдістерді енгізуге деген мотивация қалыптастыруға ықпал етті.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі