27.11.2025
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ
24.11.2025
Тараз қаласындағы «Балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебінде» бүгін болып балалардың әлеуметтік – тұрмыстық, оқу – тәрбиелік жағдайымен танысып, әңгімелесіп , өздерімен ашық сынып сағатын өткізіп, сырласып қайттық. Жасөспірімдердің жатақханасын, асханасын, оқу, демалу орындарын көріп, мекеменің барлық жерінде тазалық пен тәртіп орнағанына риза болғанымызды жасыра алмаймыз. Бұл «қиын» балалардың тазалыққа, салауатты өмірге, тіпті тәртіпке өздерінің қызығушылық танытып жатқандары көңілге қонымды. Ол үшін мектеп директоры Нұртас Құсаиновқа, мектеп мұғалімдеріне, барлық қызметкерлеріне, әсіресе бас психологіне алғыс айтамыз.
Кездесу барысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жобасы түсіндірілді. Сонымен қатар, қоғамда заң үстемдігін сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу және жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдерді отансүйгіштікке, адал азамат болуға тәрбиелеу мәселелері кеңінен сөз болды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасында қауіпсіз достық, сенім орта қалыптастырудың маңыздылығы да айтылды.
Бұл арнаулы мектептегі жасөспірімдердің мінез-құлықтарын жақсарту үшін олардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, олардың жеке-дара ерекшеліктерін ескеру, өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі, «қиын» балалардың жақсы қасиеттерін анықтап арттыру, мадақтау. Ол үшін мектепте барлық жағдай жасалған. Олардың белсенділігін, жақсы талап-ынтасын қолдау, спорт, өнер,техника,қоғамдық жұмыстарға қызықтыру да бар екен. Мұғалімдер мен тәрбиешілердің қатаң қадағалауы мен қатар, балалардың ар-намысына тимеу, оларды орынсыз жазаламауы да маңызды. Нәтижесінде «қиын» баланың саналы түсінігіне сенім ұялатып, әділеттілік пен адалдықтың дәні себілетіні анық.
Балалардың жағдайымен танысып, олармен әңгімелескен ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының директоры Қасымхан Төлендиев пен «АМАНАТ» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы!» жастар қанатының жетекшісі Ерғали Рүстем.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі