25.11.2025
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті базасында Жоғары мектептер мен Жоғары колледж білім алушылар арасында волейболдан турнир спорт шарасы өтті.
Iс-шара «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында Өскемен қалалық білім басқармасымен Шығыс Қазақстан облыстық «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық қозғалысының өңірлік филиалы белсенділерімен бірлесе ұйымдастырылды.
Сайыстың мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарын жандандыру, спортпен шұғылдануға тарту және отансүйгіштікке баулу.
Турнирдің ашылуында Шығыс Қазақстан облысы «ЖАҢАРУ» РҚБ-гі филиалының директоры Манаков Жомарт Нуканұлы және Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Тәрбие және әлеуметтік мәселелер бөлімінің жетекшісі А.Кенжебаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа қаланың әр оқу онынан келген жастар қатысып, түрлі дәрежеде белдесіп мына номинациялар бойынша жүлдегерлер анықталды, атап айтсақ «Үздік шабулдаушы» - Нұрахметов Мансұр, «Үздік қорғаушы» - Мамаев Шерхан, «Үздік байланыстырушы»- Сағымбеков Ернияз, «Үздік ойыншы»- Қайрслан Нұрайым сынды азаматтар болды.
Жастар тарапынан сайыс барысында жоғары спорттық нәтижелер көрсеткен үздік спортшылар мақтау грамоталарымен марапатталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба аясында өткізілген осындай спорттық турнир жыл сайынғы дәстүрлі додаға айналмақ.

«ЖАҢАРУ» баспасөз қызметі