24.11.2025
Жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру
21.11.2025 жылы Қостанай өңірлік университетінің «Сұңқар» спорт кешенінде. «ЖАҢАРУ» РҚБ бірлестігімен бірігіп ұйымдастырған «Жастарды құқықтық тәрбиелеу-сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында студенттер арасында футзалдан турнир өткізілді. Турнирге әр түрлі факультеттердің 72 студентінен 12 команда қатысты.
Іс-шараның мақсаты өңірлерде жастар арасында құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт бойынша білім беру және тәрбие іс-шараларын өткізу жастар арасында құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру.
Әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Сондықтан еліміздің Президенті жолдауындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын жастар арасында белсендірек жүргізген абзал. Яғни басты міндеттердің бірі — жастардың дені сау болуына, денсаулықтарын күтуге, салауатты өмір салтын ұстауға, гигиеналық дағды жан мен тән саулығы жан-жақты даму, қабілетін көтеру, ата-ана мен баланың бір-бірін тануға үйрету, үлкендерді сыйлау осы міндеттерді атқару үшін тәрбиені мектептегі білім беруден бастауымыз керек. Бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті.Осы міндетке жету мақсатында әр-бір ұрпақ өз үлесін қосуы міндетті.
Өткізген футзалдан турнирі іс-шарасы «Жастарды құқықтық тәрбиелеу — сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасының бір бөлігі болып табылады және студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті дамытуға және салауатты өмір сүру салтын насихаттауға бағытталған.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі