21.11.2025
«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
Алматы қаласының жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Нархоз университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің студенттері алдында «Мемлекеттік қызмет призмасы арқылы Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері» тақырыбында Спикер ретінде «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Алматы қаласы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі, Алматы қаласы Медеу ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Камалов Бақтияр Камалұлы дәріс оқыды.
Дәріс барысында сыбайлас жемқорлықтың мәнін және оның қоғамға тигізетін салдарын терең зерделеудің маңыздылығы атап өтілді. Бұл құбылыс қоғамдық қауіпті жағдайларға әкеліп соғады, заңның үстемдігін әлсіретеді, мемлекетке экономикалық залал келтіреді, қоғамның моральдық қағидаттарын бұзады және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін салдарын айтты.
Спикер өз ретінде тек белсенді ағартушылық жұмыс пен жас ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты құндылықтарды қалыптастыру арқылы ғана нағыз әділетті және өркендеген қоғам құруға болатындығын тиек етті.
Дәріс іс-шарасы ашық диалог алаңына айналды: жастар тарапынан өз сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісуге және әрбір азаматтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы рөлін талқылауға мүмкіндік алды.

«ЖАҢАРУ» БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ