21.11.2025
УНИВЕРСИТЕТ БАЗАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА ОҚЫТУ КУРСЫ ӨТТІ
29.10.2025ж.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Қостанай облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастардың құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жоба аясында семинар курсы өтті.
Оқыту курсының мақсаты – арнайы есепте тұрған жастармен және жасөспірімдермен жұмыс жүргізетін мамандардың біліктілігін арттыру және олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
Шараға облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық өкілдері, ювеналды полиция қызметкерлері, психологтар және топ кураторлары қатысты.
Оқыту семинарында басты спикерлер «ЖАҢАРУ» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының директоры – Жабаев Асқар Болатұлы, А.Байтұрсынұлы атындағы унивеситеттің психолог-инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, (PhD)докторы Татьяна Зуева Владимировна өз кезегінді қазіргі кездегі балалар тәрбиесіне қатысты құнды тәсілдерімен бөлісті.
Семинар барысында қатысушыларға жемқорлықтың алдын алу жолдары, жастардың құқықтық тәрбиесі мен жауапкершілігін арттыру тетіктері, сондай-ақ девиантты мінез-құлықтағы жасөспірімдермен тиімді жұмыс жүргізудің әдістері түсіндірілді.
Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі



