08.10.2025
«ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕСІ – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДҮНИЕТАНЫМНЫҢ НЕГІЗІ»
08.10.25ж
Шығыс Қазақстан өңірі, Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне қарасты Жоғары колледжінде «Жастарды құқықтық тәрбиелеу — сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында ұйымдастырылған студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру мақсатында кездесу өтті.
Кездесудідің басты спикері ретінде «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес РҚБ-гі бірлестігі Шығыс Қазақстан облысы филиалының директоры Манаков Жомарт Нұканұлы өткізді. Іс-шараға С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің комлаенс-офицері Қайнар Жексембаев қатысып отырды.
Шараның мақсаты – студенттерге құқықтық тәрбиенің маңызын түсіндіру, адалдық пен жауапкершілікті бойға сіңіру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік пен заңға құрмет сезімін дамыту.
Кездесу барысында студент жастарға күнделікті өмірде адалдық, жауапкершілік және әділеттілік мәселелерін жан-жақты талқылады. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – яғни, адамның өмір сүру әрекетін ұйымдастыру, тәрбие мен білім беруде, тұлғаның бойында белгілі бір қасиетті дамытуға ықпал ету.
Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі әр азаматтың рөлін, заңға бағынудың маңызын және қоғамдық бақылаудың қажеттілігін атап өтті.
Жастар арасында өз құқықтары мен міндеттерін білу, әділдік пен парасаттылықты ұстану – болашақ кәсіби және жеке өмірдің берік негізі екені айтылды.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі