11.11.2025
«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ»
«Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жоба аясында «Манап Өтебаев атындағы Жоғары жаңа технологиялар колледжінің» конференция залында Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ-гі Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша директоры Досалиев Қанатбек Балтабайұлының бастамасымен студент жастармен маңызды кездесу өтіп, дәріс оқылды.
Кездесу мақсаты - жастар арасында сыбайлас жемқорлық, нашақорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидасын және аталған мәселе бойынша белсенді азаматтық ұстаным жауапкершілігін арттыру.
Шараға арнайы шақырылған спикерлер Шымкент қалалық Полиция басқармасы басшысының орынбасары Есжанов Бахтияр, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру департаментінің басшысы Серғали Жанұзақ, "Ауыл" партиясының Шымкент қалалық саяси кеңес мүшесі Жаныс Өтеген, М.Өтебаев атындағы колледжінің директоры Утегенов Мұсахан жастармен ашық пікір алмасып, сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуын тежейтін, заң мен тәртіп үстемдігін бұзатын қауіпті құбылыс екенін, жемқорлыққа қарсы күрестің басты бағыты жемқорлықтың алдын алу, яғни, мәселенің салдарынан бұрын, оның туындау себептері мен алғышарттарын анықтау, жемқорлық тәуекелдерін жою, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып саналатынын атап өтіп, жастарды әділеттілік пен адалдық рухында тәрбиелеуге, құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған құнды әрі қажетті бастама екендігі айтылды.
Шара соңында жастар өз ойларымен бөлісіп, сұрақ жауаптарын алды.

«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі