10.11.2025
«ЖАҢАРУ» РҚБ-гі өкілінің студент жастармен кездесуі
06.11.2025ж.«Жастарды құқықтық тәрбиелеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жоба аясында Қызылорда қаласы Экономика және құқық институтының «Құқықтану және Әлеуметтік жұмыс білім беру бағдарламаларының» студенттерімен «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» қоғамдық бірлестігі филиал директорының орынбасары Құқық қорғау саласының ардагері, облыстық КРЭК басшысының орынбасары Бауыржан Дәулетиярұлы Ұзынжаспен кездесу өткізіп дәріс оқылды.
Кездесу іс-шарасының мақсаты - студенттер арасында адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту, жастардың назарына, жемқорлыққа қарсы заңнама қағидаларын, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, жастар арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу.
Шара барысында жастарға қажет бірқатар ақпараттар берілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтетін ұсыныстар айтылды.
Студент жастар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасып сұрақтарына тұшумды жауаптар алды.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі
