07.11.2025
ЖОБА АЯСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМ ӨКІЛДЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Абай облысы, Шар қаласының Жарма ауданында «ЖАҢАРУ» РҚБ-гі филиалының ұйымдастыруымен мемлекеттік мекемелер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шеңберінде «Жастарды құқықтық тәрбиелеу—сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жоба аясында мемлекеттік қызметкерлерімен қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен «Құқықтық сауаттылық -заман талабы», «Заң мен тәртіп» тақырыбтарында кездесу ұйымдастырылды.
Мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесулер өткізу іс-шарасының басты мақсаты елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы, жастардың құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктерден хабардар болуы, құқықтық қорғалу және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, кеңес, нақты көмек беру. Шараға Жарма ауданы Әкімі Мұрумбаев Эрдос Кақытайұлы сөз алып Абай облыс Әкімі Берік Уәлидің тапсырмасы негізінде қоғамдағы өзекті мәселе яғни аудан, ауыл жастарының тәртібі, құқықтық сауаттылық тақырыбында өрбіп нақты тапсырмалар берілді. Іс-шараға Абай облысы «ЖАҢАРУ» РҚБ-гі филиалының директоры, Жарма аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі Құмаров Талғат Қажмұхаметұлы, Жарма ауданы мәслихатының депутаттары М.Е.Бейсембаева, А.Б.Карсакбаев, Қарақанов Марат Сағындықұлы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт жаттықтырушысы Е.Шоқпаров, Жастар үйінің директоры Есенқан Рауан Какімжанұлы, Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор, полиция аға лейтенанты - Алпысбаев Ернат Маратұлы, Әжелер ұйымы төрайымы Кулян Мұхамедиевна,«ЖАҢАРУ» РҚБ-ің белсенділері , ардагерлер және басқа да үкіметтік емес ұйымдары өкілдері қатысты. Кездесу барысында жастар арасында тәртіп тәлім тәрбие қағидаттарын атап өтіп, қазіргі кезде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің тәрбиесі мақсатында ата-аналар мен мектеп мұғалімдерінің полиция қызметкерлерімен бірге түнгі рейдтерге шығып, көшелер мен ойын-сауық орындарында мезгілсіз уақытта балалардың жүрмеуін қадағалауы, баланы түнде қараусыз қалдырғаны, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүргені үшін әке-шеше Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 442- бабына сәйкес жауапқа тартылатыны. Сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында балалардың заңды өкілінсіз болмауына тиым салу тәртіптері айтылды.
Соңғы уақытта балалар мен жасөспірімдерге қатысты қайғылы жағдайлар қоғамда алаңдаушылық тудырып отырғаны жасырын емес. Осы келеңсіз жайттарды ескеріп отырып, Абай облысында жасөспірімдердің құқықтарын қорғау жүйесін күшейту мақсатында Бала құқықтарын қорғау басқармасын құру жұмыстары қолға алыну. Оның міндеті – әр баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарының сақталуын тұрақты бақылауда ұстау керектігі айтылды.
Кездесуге қатысушылар сұрақ, пікір - ойларымен алмасып, қабылданған ұсынымдар мекеменің жауапты мамандарына жолданады.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі