07.11.2025
СТУДЕНТ ЖАСТАР – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ, «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫН ҚОЛДАЙДЫ.
2025 жылы 6 қараша күні Тараздағы Қазақ Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінде “Жастарды құқықтық тәрбиелеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі” атты жоба шеңберінде студент жастармен кездесу өткізіліп, дәріс оқылды.
Студент жастар алдында “ЖАҢАРУ” сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс” РҚБ филиалының директоры Қасымхан Төлендиев, Тараз қалалық полиция басқармасы басшысының кадр жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Берік Сәлемов және Қазақстан дүнгендерінің республикалық этно-мәдени орталығының төрағасы Зайнуддин Махусеев баяндама жасап, сөз сөйледі. Шараға аталған Ұлттық университеттің проректоры Мақсат Мусабаев қатысты. Өз баяндамасын Қасымхан Төлендиев өте маңызды мәселеден бастады. Атап айтқанда, 5 қараша күні ел Президенті «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» №1081 Жарлыққа қол қойды. Ішкі саясаттың мақсаты – мемлекеттілігімізді және ел бірлігін нығайту, елді тұрақты дамыту үшін қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету. Оны жүйелі жүзеге асыру үшін елімізде ішкі саясаттың «Заң мен тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт», «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» сияқты қағидаттары қалыптастырылды. Жалпыұлттық құндылықтар:Тәуелсіздік және отаншылдықБірлік және ынтымақӘділдік пен жауапкершілікЗаң мен тәртіпЕңбекқорлық және кәсіби біліктілікЖасампаздық пен жаңашылдық Бұдан басқа – жалпыұлттық нышандар белгіленді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 23 маусымда өткен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде әділетті әрі қауіпсіз Қазақстанды құру үшін елімізде Заң мен тәртіп үстемдігін түбегейлі орнықтыру қажеттігін атап өткен болатын.
Қазақстан бүгінде «Тәртіп пен қауіпсіздік» көрсеткіші бойынша әлемдегі 142 елдің ішінен 43-орында тұр. Заң мен тәртіп басты құндылыққа айналса, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм, есірткі саудасы, лудомания сияқты қатерлердің тамырына балта шабылады.
Балам жақсы болсын десең, ең әуелі өзіңді түзеп, үлгі көрсете алуың керек. Жеткіншектердің есейгенде қоғамға пайдалы азамат болуын қаласақ, жас кезінен анаша, есірткі, сыра, арақ, темекі, зинақорлық секілді теріс қылықтарға үйір болмауын, ешкімнің ала жібін аттамауын қатаң қадағалауымыз қажет. Әдепті болу қай кезде де текті тәрбиенің жемісін көрсету деген сөз. Біз сол үшін балаларды еліміздің ертеңі, Әділетті Қазақстанның болашағы деп ұғынып, олардың тәрбиесіне ерекше мән беруіміз керек.
Бүгінде «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуге арналған жобаларының маңызы зор. Биыл «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жобасын іске асырылуда. Мұндағы басты мақсат-өскелең ұрпақты қоғамның заңдары мен нормаларын бұлжытпай орындауға, құқықбұзушылықтың алдын алуға тәрбиелеу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен адамгершіліктің маңыздылығын түсіндіру.
Президенттің ұйытқы болуымен қолға алынған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету – мемлекет алдында тұрған басты міндет.
Жыл басынан бері «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда нығайту бойынша барлық жерде ауқымды профилактикалық жұмыс жүріп жатыр. Облысымызда осындай кездесулер облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен орынбасары Серік Сәлемовтің тікелей қатысуымен өтуде. Қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту бойынша облыстық прокуратура мен полиция департаменті, облыстық ардагерлер кеңесі кешенді шаралар өткізуде. Мәселен, ақпан айында облыстық полиция департаментінің бастамасымен кең көлемде өткен «Тәрбиелі жастар – қоғам тірегі» атты жастар форумын ерекше атап өтуге болады. Сол сияқты 6 тамыз күні «Заң мен тәртіп. Әділ қоғам» атты облыстық ардагерлер форумы өтіп, облыс жұртшылығына ҮНДЕУ қабылданып, жарияланды. Осы тақырып пен Үндеу ұсынымдары барлық аудандарда талқыланды, біз Сарсенбай Мыңбаевпен бірге алқа мүшесі ретінде Тұрар Рысқұлов ауданында өткен жиынға қатыстық.
Ақпан айында біздің филиал мен облыстық полиция департаменті арасында бірлескен Меморандум қабылданды. Айта кету керек, 2023 жылдың қараша айында «ЖАҢАРУ» бірлестігі Жамбыл облысының әкімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара ынтымақтастық таныту туралы келісімге қол қойылған болатын. Осындай Меморандум қабылдауды жаңа облыс прокурорымен де келістік, жақында қабылдаймыз.
Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балалардың құқықтарын қорғау бойынша елімізде ауқымды заңнамалық, стратегиялық іс-шаралар іске асырылуда. Атап айтқанда, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген нысаны үшін жауапкершілікті қатаңдататын нормалар еңгізілді. Баланы қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынып, әкімшілік жауапкершілік көзделді. Құрылыс компаниялары терезелерге құлыптар немесе қауіпсіздік тетіктерін орнатуға міндеттелді. Балаларды саудалаудың алдын алу шаралары күшейтілді. Сондай-ақ Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі нығайтылды. Қамқоршылық және қорғаншылық органдары мамандарының штат санының нормалары бекітілді. Тәлімгерлік институты енгізілді.
Бүгінде елімізде, әсіресе біздің өңірде ең өткір әрі күрделі әлеуметтік мәселе болып тұрған, ол жасөспірімдер арасындағы суицид. Жұртшылық мұның басты себебі - мектептегі буллинг, тұрмыс тауқыметі мен отбасындағы зорлық-зомбылық деп есептейді. Жуырда ғана Бала омбудсмені Динара Закиева біздің облыста болып, біраз аудандардағы ахуалмен танысып кетті, ол туралы әлеуметтік желіде жазғанын оқып, білген шығарсыздар. Мектеп балалары арасындағы буллинг, әлімжеттік, бопсалау фактілері, қорқытып ақша талап ету, жүкті боп қалу, т.б. келеңсіз жағдайлар айтылған.
Естеріңізде болса, былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Президент қоғамдағы 5 кеселге, яғни нашақорлыққа, лудоманияға, тұрмыстық зорлық- зомбылыққа, буллинг және агрессияға, вандализм және ысырапшылдыққа қарсы күрес жариялағанын ұмытқан жоқсыздар деп ойлаймын.
Өткен үшінші тоқсанда облыс бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық 145 қылмыс тіркелген, яғни былтырғы кезеңмен салыстырғанда 43,6 пайызға өскен. Құқықбөзушылықтың алдын алу мақсатында көптеген рейдтік шара ұйымдастырылып, 8414 жасөспірім түрлі құқықбұзушылық үшін полиция бөлімдеріне жеткізілген. Бала тәрбиесіне салғырт қараған 175 қолайсыз отбасы мен құқық бұзған 472 жасөспірім полицияның есебіне алынып, тіркелген. Бір жылдан бері ата-аналар мен мектеп мұғалімдерінің полиция қызметкерлерімен бірге түнгі рейдтерге шығып, көшелер мен ойын-сауық орындарында мезгілсіз уақытта балалардың жүрмеуін қадағалауы өз жемісін беруде. Нәтижесінде жыл басынан бергі тоғыз айда кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,3 пайызға азайған.
Ата-ана бала үшін ең ұлы ұстаз. Сондықтан «Әкеге қарап ұл, шешеге қарап қыз өсер» дейді дана халқымыз. Баланың алған тәлім-тәрбиесі ата-ананың берген үлгі-өнегесіне тікелей байланысты екенін осыдан-ақ ұғуға болады. Енді ғана етек жеңін жинап, өмірге жаңа бейімделіп келе жатқан жасөспірімдерді теріс әрекеттерден қорғау - үлкендердің тікелей міндеті.
Баланы түнде қараусыз қалдырғаны, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүргені үшін әке-шеше Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 442- бабына сәйкес жауапқа тартылады. Сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында балалардың заңды өкілінсіз болуына жол берген мекеме иелері Әкімшіліік құқықбұзушылық туралы кодекстің 132-бабымен жауапкершілікке тартылады. Мұндай жағдайда полиция қызметкерлері балалардың ата-аналарына үш айлық көрсеткіш есебінде айыппұл салады. Ал көңіл көтеру орталықтарының иелеріне он айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл қарастырылған.
Соңғы уақытта балалар мен жасөспірімдерге қатысты қайғылы жағдайлар қоғамда алаңдаушылық тудырып отырғаны жасырын емес. Осы келеңсіз жайттарды ескеріп, Жамбыл облысында жасөспірімдердің құқықтарын қорғау жүйесін күшейту мақсатында Бала құқықтарын қорғау басқармасын құру жұмыстары қолға алынуда. Оның міндеті – әр баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарының сақталуын тұрақты бақылауда ұстау болмақ.
Жас ұрпақтың саналы, жауапкершілігі жоғары тұлға болып қалыптасуы үшін оларды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеумен қатар, құқықтық сауаттылығын арттыру аса маңызды. Жастар заңды білу арқылы өз құқықтары мен міндеттерін түсінеді, қоғамда орын алатын түрлі қауіп-қатерлерден қорғана алады.
Кешегі Қазақ Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінде өткен кездесуге барлығы 129 адам, оның 124 - студент жастар қатысты, сонымен қатар олар онлайн сауалнамаға қатысып, пікіірлерін білдірді.
Шараның жоғары деңгейде өтуіне лайықты жағдай жасағаны үшін университет басшылығына ризашылық білдіреміз.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі