06.11.2025
ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ ҰЛЫҚТАЙЫҚ
Абай облысы, Жарма ауданы, Шар қаласы спорт кешенінде қазақтың ұлттық ойындары сайысы спорттық іс шарасы өтті.
Iс-шара «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында Шар қаласы әкімдігімен, Абай облыстық «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық қозғалысының өңірлік филиалы белсенділерімен бірлесе ұйымдастырылды.
Сайыстың мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарын жандандыру, ұлттық спортпен шұғылдануға тарту және отансүйгіштікке баулу.
Турнирдің ашылуында Жарма ауданы Әкімі Мұрумбаев Эрдос Кақытайұлы, Абай облысы «ЖАҢАРУ» РҚБ-гі филиалының директоры, Жарма аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі Құмаров Талғат Қажмұхаметов, Жарма ауданы бойынша мәслихат депутаты Қарақанов Марат Сағындықұлы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт жаттықтырушысы Е.Шоқпаров сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа ауданның әр өңірінен келген жастар қатысып, түрлі салмақ дәрежесінде белдесті. Жастар тарапынан сайыс барысында жоғары спорттық нәтижелер көрсеткен үздік спортшылар мақтау грамоталарымен марапатталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба аясында өткізілген осындай спорттық турнир жыл сайынғы дәстүрлі додаға айналмақ.

«ЖАҢАРУ» баспасөз қызметі