06.11.2025
ЖАСТАР - СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ
05.11.2025 ж.
«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс" республикалық қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының тапсырмасымен арнайы есепте тұрған жастармен және жасөспірімдермен жұмыс жөніндегі мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру мақсатында «Жастарды құқықтық тәрбиелеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жоба аясында Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжінде, Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арасында волейбол жарысы өткізілді.
Шара мақсаты:
- Сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген нысандарына теріс қатынасты, қарсы іс-кимыл мәселесі бойынша белсенді азаматтық ұстанымды, еркіндік, отбасы құндылықтары, жеке кеңістік және өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері туралы тұрақты дүниетанымдық ұстанымдарды қалыптастыру;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтық сектор өкілдерін тарту арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» тәрбиелеу;
- Жастардың құқықтық сауаттылығын, нормативтік-құқықтық, актілердің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру.
- Оқу орындар арасындағы спорттық қарым-қатынасты нығайту;
- Салауатты өмір салтын насихаттау;
- Командалардағы жеке спортшылардың шеберлігін арттыру.
Жарыс командалық тәсілде өтті, команда құрамында колледж ұстаздары мен студенттерінен құралған Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арасында 8 команда бақ сынасты.
1. Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі
2. Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжі
3. Орал «Сервис» технологиялық колледжі
4. №51 жалпы орта білім беретін мектебі
5. Батыс Қазақстан индустриалды колледжі
6. Орал гуманитарлық-техникалық колледжі
7. А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі
8. Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжі
«ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы, профессор, академик, «ЖАҢАРУ» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысының БҚО бойынша филиалының төрағасы, «100 жаңа есім» жобасының иегері, Орал қаласының құрметті азаматы Әйтімов Ақсерік Сарыұлы және Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжінің директоры, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің вице-президенті, қалалық мәслихат депутаты Айтимов Дамир Ақсерікұлы сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс барысында жарысқа қатысушы оқытушылар мен студенттер арасында QR-код арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауалнамалар өткізіліп, «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбымен жазылған танысу парақтары таратылды.
Тартысты жарыс нәтижесі бойынша
І орын - Орал гуманитарлық-техникалық колледжі командасы,
ІІ орын - Батыс Қазақстан индустриалды колледжі командасы,
ІІІ орын - Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі командасы иеленді
Үздік номинациялар:
1. Үздік ойыншы - Мукашев Асхат Узакбаевич ,
2. Үздік шабуылшы - Қосболов Еділжан Берікжанұлы,
3. Үздік қорғаушы - Карекенов Асылбек Казбекович,
4. Үздік байланыстырушы - Куспанов Медет Максутович иеленді.
Волейбол жарысы тартысты өтті, командалар белсенділік танытып, достық пен әділдік негізінде ойнады. Әр ойында спорттық тәртіп пен ынтымақтастық байқалды.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі

