05.11.2025
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-гі Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі" арнайы әлеуметтік жобасы шеңберінде Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Жастар және құқықтық жауапкершілік» тақырыбында жоба аясында құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен ашық сұхбаттасу іс-шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Кездесуге университет ректоры, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»РҚБ БҚО филиалы директорының орынбасары Әліби Науханұлы Баяхов, БҚО Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Түгелов Бағдат Аманжолұлы, сондай-ақ Орал қаласы ПБ Абай Пб ҚҚб ЮПТ КТІЖ аға УПИ, полиция майоры Қайырова Айман Жеңісқызы және полиция майоры Суықбаева Айнұр Жанабаевна жастармен пікір алысып ақыл кеңестерімен бөлісті.
Сұхбаттасу іс-шарасы барысында спикерлер жастардың құқықтық жауапкершілігі мақсатында ашық сұхбат құрып яғни, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, есірткіге қарсы күрес және кәмелетке толмағандардың тәртібі мәселелері бойынша мазмұнды баяндама жасап, студенттердің сауалдарына жауап берді.
Шара соңында жастар құқық қорғау органдары қызметкерлеріне өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі



