04.11.2025
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ӘДІЛЕТТІЛІКТІҢ НЕГІЗІ»
«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ Атырау облысы бойынша филиалынының ұйымдастыруымен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Заң мен тәртіп: әділеттіліктің негізі» тақырыбында «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен студент жастармен кездесу өтіп, дәріс оқылды.
Дәріс оқудың мақсаты: «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, жастардың құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар, құқықтық тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағыттау, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметіне жастар арасында ашықтық пен сенімін арттыру.
Іс-шараның басты лекторы , спикер «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ-гі Атырау облысы бойынша филиалының директоры, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Идрисов С.Н., жүргізді.
Шара барысында Атырау қаласы Полиция басқармасы Тергеу бөлімінің аға тергеушісі полиция майоры Аруов Фархат Аманжолұлы, Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Джангалиева М.Қ., Атырау облысы полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Муханбеталиев Д.М., сынды өкілдер қатысып өз пікірлерімен алмасты.
Шара соңында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ Атырау облысы бойынша филиалының директоры, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректоры С.Н.Идрисов құқық қорғау өкілдеріне Жастардың құқықтық сауаттылығын, құқық қорғау органдарына деген сенімділігін арттыру бойынша кешенді іс – шаралар өткізуге ат салысқандары, сондай – ақ өз жұмыстарын адал және кәсіби түрде атқарып, жоғары жауапкершілік көрсетіп жүргендерін атап өтіп, алғысын білдірді.Дәріс, мазмұны кең жастар үшін тағылымы мол іс-шара болды.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі