04.11.2025
АДАМ БОЛУ- ҚАСИЕТ, АЗАМАТ БОЛУ- МІНДЕТ, ПАТРИОТ БОЛУ-ПАРЫЗ!
3 қараша күні ҚР ҚК Ұлттық әскери — патриоттық орталығында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігімен «Әскери-партиоттық және ісдестіру қозғалыстары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесе ұйымдастырған Астанадағы «BATYRLAR» әскери - патриоттық орталығының тәрбиеленушілерімен кездесу іс-шарасы өтті. 2023 жылы құрылғын Орталық Астана қаласының мектеп түлектері мен колледж студенттерін, әсіресе аз қамтылған және толық емес отбасылардан шыққан жасөспірімдерді даярлаумен айналысады. Бұл ұйымның мақсаты - жастарды Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық патриоттық қағидаттарына тәрбиелеу үшін қоғам күштерін біріктіру болып саналады. Кездесуде «Генералдар кеңесі» РҚБ-ің және «ЖАҢАРУ» РҚБ-ің совет мүшесі, «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясының құрметті президенті Сейтжан Мелдебекұлы Қойбақов сөз алып өзінің көп қырлы өмірлік тәжирибесімен болашақ жастарға тәрбиеде - адамгершілік құндылықтарға, Отанды сүюге, ар-намыс және ұят сынды құндылықтарды, нақты қиындықтар мен жеңістер туралы, жас жігіттер мен қыздарға қиындықтардан қорықпауға, төзімділікпен мақсатқа деген табандылықты тәрбиелейтін дана тәлімгер, аға ретінде ақыл кеңестерімен бөлісті. «BATYRLAR» әскери - патриоттық орталығының тәрбиеленушілерінің жас өспірімдер тарапына орталықтағы үйренген тәжірибелерін әскери шеберліктерін көрсетіп таң қалдырды. Іс -шараға «ЖАҢАРУ» РҚБ-ің төрағасы М.Семғалиев, төраға орынбасары Б.Мамраев, Совет мүшелері Д.Мыңбай, Д.Рахметуллин, аппарат жетекшісі Қ.Алиев, ҚР ҰҒА құрметті академигі м.ғ.д профессор Б.Аяған, «Әскери-патриоттық және ісдестіру қозғалысы қауымдастығы» РҚБ төрағасы,з.ғ.к.запастағы полковник А.Оразбаев сынды абыройлы ағалар жасөспірімдерге өз-ойларымен бөлісіп, кездесу өз деңгейінде тәрбиелік тағылымы мол, қызықтыда тартымды өтті.
Өткізген іс-шарасы «Жастарды құқықтық тәрбиелеу — сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасының бір бөлігі болып табылады және жасөспірімдер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті дамытуға және салауатты өмір сүру салтын насихаттауға бағытталған.
Өткізген іс-шарасы «Жастарды құқықтық тәрбиелеу — сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасының бір бөлігі болып табылады және жасөспірімдер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті дамытуға және салауатты өмір сүру салтын насихаттауға бағытталған.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз орталығы






