31.10.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кезекті дәріс шарасы өткізілді.
Бүгін 31 қазан 2025 жылы «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ-інің Астана қалалық филиалы, Астана қалалық Білім басқармасы, Сарайшық ауданы Әкімдігі, Астана қаласы Әкімдігінің "Томирис" атындағы Медициналық колледжі ШЖҚ МКК педколлективімен бірлесіп ұйымдастырылған "ЖАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ - СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДҮНИЕТАНЫМНЫҢ НЕГІЗІ" арнайы әлеуметтік жобасы шеңберінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кезекті дәріс (лекция) шарасы өткізілді.Мақсаты - жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың, нашақорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидасын және аталған мәселе бойынша белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру туралы айтылды.
Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа, нашақорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу шеңберінде ұйымдастырылған жиынға «ЖАҢАРУ» РҚБ-інің Астана қалалық филиал басшысы Дәулеткерей Рахметуллин, Астана қаласы Білім басқармасының Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы - Гүлім Мұхамеджанқызы,
Астана қаласы Әкімдігінің "Томирис" атындағы Медициналық колледжі Директоры, Магистр Общественного здравоохранения, Менеджер Здравоохранения Марханова Надежда Тілеуқабыловна, өзі қатысып ашып, скиперлермен таныстырып, жүргізіп отырды.
Сондай-ақ «ЖАҢАРУ» РҚБ-інің Астана қалалық филиал белсенділері Балнұр Жұмахан, Миржан Өсіпбаев, коллективтегі тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Салтанат Ахметжанова, мұғалымдер мен бірқатар колледж оқушылары қатысты.
Жиында Астанадағы мемлекеттік органдардың «ЖАҢАРУ» РҚБ-мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалып жатқан жұмыстары, өскелең ұрпақтың бойында аталған мәселеге қарсы «иммунитет» қалыптастыру бағытындағы іс-шаралармен таныстырылды.
Сондай-ақ оқу орында орналасқан сенім жәшігі, директор блогы, коррупцииға қарсы жасалған саиты таныстырылып, оқушылар, оқытушылар сауалнамасының көрсеткіші секілді бірқатар жұмыстар талқыланды.
Сонымен бірге аталған тақырып бойынша видеоролик көрсетіліп, шара қатысушылар сауалдарын жолдап, пікір білдіріп, сұрақтарына толық, түсінікті жауап алды.
Антикоррупционный видеоролик https://share.google/Zk4PWm3WACVbJeIyp
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі





