30.10.2025
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ОҚЫТУ КУРС ШАРАСЫ ӨТТІ.
Бүгін Қазтұтынуодағы Павлодар жоғары экономикалық колледжінде «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жастар арасында құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт сананы қалыптастыру бойынша оқыту курсы іс-шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, әділдік пен адалдық құндылықтарын насихаттау және жастар арасында құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру.
Оқыту курсы барысында сөз сөйлеген «ЖАҢАРУ» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының директоры Саят Елгонденов жастарға адал еңбек пен әділ өмір сүрудің маңыздылығын атап өтті. Ол сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына кері әсерін айтып, әрбір азаматтың бұл індетке қарсы күресте белсенді ұстанымда болуы қажет екенін жеткізді.
Сонымен қатар, «Білім» білім мен мәдениетті дамыту қорының менеджері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күресуші Жанат Сарбасов студенттермен өз тәжірибесімен бөлісті. Ол қоғамдағы адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстанудың маңызын атап өтіп, жастарды жауапкершілік пен азаматтық белсенділікке шақырды.
Кездесу соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Іс-шара барысында жастарға ақпараттық буклет флаер кітапшалары таратылды. Мұндай шаралар жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, әділ және парасатты қоғам қалыптастыруға ықпал ететіні атап өтілді
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі








