30.10.2025
УНИВЕРСИТЕТ БАЗАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Бүгін Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Баттыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен жоба аясында «Жастардың құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты оқыту семинары өтті.
Семинардың мақсаты – арнайы есепте тұрған жастармен және жасөспірімдермен жұмыс жүргізетін мамандардың біліктілігін арттыру және олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
Шараға облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық өкілдері, ювеналды полиция қызметкерлері, психологтар және топ кураторлары қатысты.
Семинарда сөз сөйлегендер:
«ЖАҢАРУ» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының директоры – Ақсерік Сарыұлы Әйтімов, орал қалалық полиция басқармасының Абай полиция бөлімінің ҚҚБ ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Суыкбаева Айнур Жанабаевна, Орал қаласы полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Хайрушев Аділет Ерболатұлы.
Семинар барысында қатысушыларға жемқорлықтың алдын алу жолдары, жастардың құқықтық тәрбиесі мен жауапкершілігін арттыру тетіктері, сондай-ақ девиантты мінез-құлықтағы жасөспірімдермен тиімді жұмыс жүргізудің әдістері түсіндірілді.
Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі