29.10.2025
«DOSTYQ CUP» ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ
Жастар арасында салауатты өмір салтын, әділ бәсекелестік пен командалық бірлікті насихаттау, спорт арқылы адалдық пен тәртіпті дәріптеу мақсатында Арнаулы оқу орындарының студенттері арасында «DOSTYQ Cup» волейбол турнирі ұйымдастырылды.
Іс-шара «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы жүзеге асырып жатқан «Жастарды құқықтық тәрбиелеу — сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында өтті. Жоба жастардың құқықтық мәдениетін арттыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруды және салауатты өмір салтын дәріптеуді көздейді.
Ашылу салтанатына «ЖАҢАРУ» РҚБ-ің Ақтөбе облыстық филиалы қоғамдық кеңесінің төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Абай Сақтағанов, кеңес мүшелері Жаңабай Жандос пен Азиз Ажиниязов, Ақтөбе қаласы прокурорының орынбасары Айбар Ақылбекұлы және облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Самғат Артығалин қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнирге арнаулы оқу орындарының 18 командасы қатысып, өзара бақ сынады. Командалар жоғары дайындық пен нағыз спорттық рух танытты. Нәтижесінде Ақтөбе индустриалды кәсіптік колледжі құрамасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжі иеленсе, үшінші орынға Ақтөбе автожол колледжі көтерілді.
Жеңімпаз командалар дипломдармен, алғыс хаттармен, кубок және медальдармен марапатталды.
Турнир 25 қазан – Республика күні қарсаңында өтіп, жастардың ел болашағына деген сенімін, отансүйгіш рухын және әділдікке ұмтылысын айқындай түсті.

«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі