29.10.2025
ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТТЫҚ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
«Жастарды құқықтық тәрбиелеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастырумен Қала күні мерекесіне жасөспірімдер арасында «Бала барысы»- қалалық біріншілігі жарысы өткізіліп, спорттық марафондық іс-шарасымен жалғасты. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға арналған мекеме ұжымдары, қала тұрғындарының басын қосқан көпшілік жүгіру марафоны болды.Бұл шараның ашылу салтанатында еліміздің гимні ойналып, марафонға қатысушыларға қазақстандық кәсіпқой және әуесқой боксшы қызылордалық Қамшыбек Қоңқабаев қатысып ақыл-кеңесін айтып сәттілік тіледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бірлік пен отансүйгіштік рухты арттыру, спортқа деген қызығушылықты ояту, жасөспірімдер арасында есірткіге қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру. Марафонға 200-ге жуық жас спортшы қатысып ерлер мен әйелдер арасында барлық жас санаттары бойынша үздік үштікке ие болған жеңімпаздар медаль, мақтау қағаздары және естелік сыйлықтармен марапатталып жоба аясында дайындалған буклеттер табысталды.
Айта кететіні осындай игі бастамалар жастардың бойында азаматтық жауапкершілікті арттырып, жат қылықтардан аулақ болуға шақырады. мерекелік көңіл-күй сыйлау және олардың қоғаммен байланысын нығайту әрі еліміздің патриоты болуға үндеу мақсатында жүзеге асты.
«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі





