28.10.2025
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
«Жастарды құқықтық тәрбиелеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық козғалыс РҚБ Атырау облысы филиалының ұйымдастыруымен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде облыс жастарына тренинг ашық есік күні өтті.Тренинг ашық есік күнінің мақсаты: жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру сондай – ақ қоғамда медиация институтын ілгерілету, азаматтарға дау-жанжалдарды баламалы жолмен шешудің тиімділігін кеңінен түсіндіру және қоғамды адалдық пен әділдікке шақыруға бағыттау, тегін заң көмегін көрсету.
Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Мухамбеткалиев Ч. Н., “Халықаралық медиация орталығы” РҚБ Атырау облысының медиаторы Асабаева Ж. В., “Халықаралық құқық қорғау орталығының” медиаторы Кожахметов Н.К., Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы “Қоғамдық келісім” КММ Этномедиация орталығының сарапшысы Жармұханбетова Г. Е., Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Атырау облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Төлегенова С.Б., сонымен бірге заңгерлер Лукманова Н.А., Идрисова Т.А., Тажгарина Б.Қ. қатысты.
Жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттары, азаматтарға татуластыру рәсімдері түсіндіріліп, медиация арқылы дауларын шешу жолдары және басқа сұрақтары бойынша құқықтық кеңестер берілді.
Сонымен бірге жастарға адал, парасатты болуға, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосуға шақырды.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі



