24.10.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес -бүгінгі күн талабы
06.10.2025ж."ЖАҢАРУ" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс" РҚБ-нің ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысы,Байтерек ауданы әкімдігі аппаратының Мемлекеттік қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізілді.
Кездесуді Тоқжанов Марат Лұқпанұлы Бәйтерек ауданының әкімі ашып, қатысушылармен таныстырып, жүргізіп отырды.
Іс-шара «Жастарды құқықтық тәрбиелеу—сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жоба аясында ұйымдастырылып Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметтегі этикалық нормалардың, ережелердің сақталуына назар аударылды.
"ЖАҢАРУ" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс" РҚБ-нің төрағасы Семғалиев Мэлс Зайнуллаұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі қағидаттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту, мемлекеттік қызметкерлердің, жастардың құқықтық санасын арттыру өзектілігін атап өтті.
Сондай-ақ іс - шараға Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Түксамбаев Бан Өмірзақұлы, "ЖАҢАРУ" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс" РҚБ-нің БҚО филиалының директоры, жоба трененері Әйтімов Ақсерік Сарыұлы, Бәйтерек ауданны Әдеп жөніндегі уәкілі, аудандық мәслихат төрағасы Хайруллин Нұрлыбек Қажымұратұлы,БҚИИТУ ректоры, облыстық мәслихат депутаты, "ЖАҢАРУ" РҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары Баяхов Әліби Науханұлы қатысып, мемлекеттік қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытында, заңнамалардың негізгі принциптері баяндалып, сыбайлас жемқорлықа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сананы, құқықтық мәдениетті жетілдіруге байланысты тәжірибелік тұрғыда ойларымен бөлісті.
Арнайы кездесуге қатысқан тәжірибелі мамандармен пікір алмасып, құқықтық санасын көтеруге қатысты іс-шара, негізгі құқықтық заңнамалардың Бәйтерек ауданы жастарын күнделікті өмірлеріне қатысты тәртіпті бірігіп түсіндіру туралы кездесуі қарқынды өтті.
Мемлекеттік қызметкерлері сауалдарын қойып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға байланысты іс-шараларға белсенді қатысатындықтарын жеткізді.
Қатысқан мамандарға болашақта бірлесіп жұмыс істеуге шақырып, кәсіби мамандықтың иесі болуға кеңестерін берді.
Іс шара соңында мемлекеттік органдардың атына ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау белгіленді.
«ЖАҢАРУ» Баспасөз қызметі




