11.10.2025
ЖАСТАР АРАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ӘДІЛ ҚОҒАМ ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ»
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының басшысы, спикер Серікжан Берікбайұлы Байбосынов және Қарағанды индустриялық университетінің комплаенс-офицері, «ЖАҢАРУ» республикалық қоғамдық бірлестігі Қарағанды облыстық филиалы директорының орынбасары Самал Серікқызы Ибрагимованың қатысуымен Қарағанды индустриялық университетінің студенттерімен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жоба аясында кезекті сұхбаттасу іс шарасы өтті.Іс шараның мақсаты – жастарға құқықтық білім беру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға негізделген. Іс-шара барысында насихат парақшалары таратылып,спикерлер тарапынан семинарға қатысушыларға жобаның мақсаты мен мазмұны таныстырылып, адалдық, ашықтық және азаматтық жауапкершілік қағидаттары талқыланып, жоғары этикалық жауапкершілік пен азаматтық ұстанымды қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.
Мұндай сұхтаттасу іс шарасы жастардың мемлекеттік және қоғамдық институттардағы адалдық пен ашықтықтың маңызын түсінуіне ықпал етеді. Спикерлер жастардың қоғамдағы әділеттілік пен парасаттылық қағидаттарын нығайту жұмыстарына белсене араласуының маңыздылығын тілге тиек етті.
«Жастар – мемлекетіміздің болашағы. Әр жас азамат өз құқығы мен бостандығын білуі тиіс. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру – әділ қоғам құру жолындағы маңызды қадам», – деп атап өтті спикер. Сұхбаттасу өз кезегінде пікір алмасу, сұрақ-жауаптармен алмасып тиісті жауаптар берілді.
«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі

