09.10.2025
ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Қазақстан беделді Times Higher Education World University Rankings 2026 әлемдік рейтингіне енген университеттер саны бойынша Орталық Азия мен Кавказ елдері арасында бірінші орынға шықты. Жалпы биыл рейтингке Орталық Азия мен Кавказдың бес елінен 17 университет кірді – бұл өңір үшін рекордтық көрсеткіш. Оның ішінде Қазақстан – ең көп оқу орны енген мемлекет атанды. Рейтингке еліміздің бес жоғары оқу орны енді, ал Назарбаев Университет алғаш рет әлемдік топ-500 қатарына кірді.
Аталған жетістік – мемлекет пен қоғамның арасындағы білім мен ғылымды дамытуға айрықша көңіл бөліп отырғанының айғағы. Сондай-ақ ол еліміздің жоғары білім беру жүйесінің сапа мен бәсекеге қабілеттілікті арттыра отырып, халықаралық деңгейде танылуға нық қадам басып келе жатқанын көрсетеді.
Осы ретте бүгін Орталық кеңседе «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-гі арасында меморандумға қол қою рәсімі өтті. Іс-шара «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жоба аясында ұйымдастырылды.
Меморандумға «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Семғалиев пен «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК атынан директор Ф.Ш. Қуанғанов қол қойды. Келісімде жоба аясында өткізілетін іс-шараларға жоғарғы оқу орындарынан бірнеше мыңнан астам студент жастарды қамту көзделіп отыр. Басты мақсат сыбайлас жемқорлыққа қарсы күш-жігерді біріктіру Қазақстанның 2026 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының мақсаттарына қол жеткізудің маңызды шарттарының бірі болып табылатын, яғни сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем» төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру мақсатында ынтымақтастық орнатуға ұмтыла отырып, бірлескен қызметтің қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді. Бұл өз кезегінде іскерлік байланыстарды күшейте отырып жүйелі ынтымақтастық жолында жобаның сапалы өтетініне ықпал ететін болады. Іс-шараға «ЖАҢАРУ» РҚБ-і төрағасының орынбасары Б.Б.Мамраев, Б.Б.Мұқанов, Б.Ж.Ысқақов, аппарат басшысы Қ.Х.Алиев қатысты.
«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі

