03.10.2025
ӨҢІРЛЕРДЕГІ ЖОБА ӨТКІЗУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
03 қазан 2025 жылы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ың қолдауымен «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Жастарды құқықтық тәрбиелеу—сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жоба аясында тәжірибе алмасу мен синергияны арттыру мақсатында өңірлердегі бірлестік жетекшілерімен ЗУМ форматы шеңберінде семинар өткізілді.
Кездесу барысында «ЖАҢАРУ» РҚБ-ің төрағасы, жоба жетекшісі Мэлс Семғалиев сөз алып 2025 жылғы сәуір – қазан айлары аралығындағы кезең бойынша жоба аясындағы өткізіліп жатқан іс-шараларға қысқаша презентация ұсынылып, салалық бағыттар бойынша жеткен нәтижелер мен көрсеткіштерді атап, нақты тапсырмалар беріліп, жоба аясында өткізетін шараларды сапалы өтуіне кеңестер берілді. Өңірлер өкілдері тарапынан сұрақ жауап, пікірлерімен алмасты. Жоба жүргізуші тарапынан жоба аясындағы өңірлердегі жұмысына сәттіліктер тіледі.
«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі


