03.10.2025
«Жастарды құқықтық тәрбиелеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі»
01 қазан 2025 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұйымдастыруымен «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Жастарды құқықтық тәрбиелеу—сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жобасы аясында университет және колледж білім алушыларының қатысуымен кең көлемде кездесу іс-шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды дамыту болды.
Қатысушыларға заңға бағыну, әділдік, жауапкершілік және адалдық сынды ұғымдардың маңызы кеңінен талқыланып, сыбайлас жемқорлықтың мәні мен қоғамға тигізер зияны туралы мағлұмат беріліп, адалдық, әділдік және азаматтық жауапкершілік туралы мәселелер көтерілді.
Бұл кездесу жастардың құқықтық мәдениетін арттырып, сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік көзқарасын қалыптастыруға өз үлесін қосты.
Қатысушылар құқықтық мәдениет пен адал өмір сүру қағидаттарының маңыздылығын түсініп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әр азаматтың парызы екенін ұғынды.
Кездесу еркін форматта өткізіліп, сұрақ-жауаптар мен өз ой-пікірлерін ашық білдірді.
Шараға жалпы 265 адам қатысып, жастар тарапынан осындай кездесулерді жиі ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар айтылды.
«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі






