«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Жолың болсын «ӘДІЛ ҚОҒАМ» жобасы!

  • ЖАҢАРУ
  • Жолың болсын «ӘДІЛ ҚОҒАМ» жобасы!
Жолың болсын «ӘДІЛ ҚОҒАМ» жобасы! 24.06.2025

Жолың болсын «ӘДІЛ ҚОҒАМ» жобасы!

Бүгін Астанада «ӘДІЛ ҚОҒАМ» жобасының тұсаукесері өтті.
Бұл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі мен ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығының бірлескен, ұлт мәдениеті мен рухани мұраны негізге алу арқылы, қоғамда адалдық пен адамгершілікті нығайтуға бағытталған бастамасы. Құтты болсын!
Жобаның презентациясына байланысты жиынды мемлекет және қоғам қайраткері, Антикор агенттігінің қоғамдық кеңесінің мүшесі, «ЖАҢАРУ» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраев модератор болып жүргізіп отырды.
Жобаның тұсаукесерін алғы сөзбен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали ашты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтау сөз сөйледі.
«ӘДІЛ ҚОҒАМ» жобасының таныстырылымын ЮНЕСКО жанындағы мәдениеттерді жақындастыру орталығы басшысының орынбасары Салтанат Ашимова жасады.
«Қоғамдағы әділеттілік пен ақпараттық ашықтық туралы» тақырыпта Сенатор, Әлеуметтік – мәдени даму және ғылым комитетінің Төрағасы Нұртөре Жүсіп баяндама жасады.
«Жастар – әділетті қоғамның қозғаушы тірегі» тақырып бойынша Абай атындағы ҚАЗҰПНУ «Сорбонна-Қазақстан» институтының директоры, агенттіктің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Айнұр Сәбитова сөйледі.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Бақтыгереева Ақұштап «Қаламгерлік ұстаным, әдеби парасат және жас буынды тәрбиелеу» туралы сөз өрбітті.
«ЗАҢ мен ТӘРТІП» тұжырымдамасы шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында Агенттіктің Превенция қызметі басшысының орынбасары Жігер Байділдин баяндама жасады.
Сұрақ – жауап бөлігі де қызық өтті.
Тоқетерін айтқанда, «ӘДІЛ ҚОҒАМ» жобасы – адалдық пен әділдік, адамгершілік қағидаттарын нығайтатын, ар-ождан, ізгілік пен парасаттылықты қалыптастыратын дара жол.
Презентацияға бейнебайланыс арқылы басқа облыстармен бірге, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, антикор басшылығы, құзырлы мемлекеттік органдардың басшылары мен зиялы қауым өкілдеріі, қоғам белсенділері қатысты.
НАРТӘУЕКЕЛ ! деп коррупцияға қарсы күреске, қоғамның санасын өзгертуге арналған «ӘДІЛ ҚОҒАМ» жобасын іске асыруға барша отандастарымызды шақырамыз!

«ЖАҢАРУ» баспасөз қызметі



512604584_1970375060433332_8088612028339911988_n.jpg

510969091_1970375307099974_7286789957361245871_n.jpg

511152102_1970375440433294_5824095669459849975_n.jpg

512998245_1970375513766620_7976163637918766947_n.jpg

512863324_1970375190433319_8346195741778209937_n.jpg

Тізімге оралу