
Маңғыстауда жас мамандарға лудомания мен жемқорлықтың қауіптілігі түсіндірілді
Маңғыстау облысының Статистика департаментінде жас қызметкерлерге арнап «Лудомания – қоғам дерті, және жемқорлық — ғасыр індеті» тақырыбында дәріс өткізілді. Іс-шара «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ-нің «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында ұйымдастырылды.Дәріске «Жаңару» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары Аллаберген Қонарбаев және «Маңғыстау – Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің үйлестірушісі Арайлым Шамшадинова қатысты.
Кездесу барысында мамандар лудомания мен сыбайлас жемқорлықтың жеке адамға, оның отбасына және жалпы қоғамға тигізетін зиянды әсерлерін түсіндірді. Сондай-ақ, жас қызметкерлердің бос уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізудің маңыздылығы айтылып, зиянды әрекеттердің алдын алуға бағытталған ұсыныстар берілді.
"ЖАҢАРУ" РҚБ баспасөз қызметі
