«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Атыраулық студенттер жемқорлыққа қарсы республикалық квесттен жүлдемен оралды

  • ЖАҢАРУ
  • Атыраулық студенттер жемқорлыққа қарсы республикалық квесттен жүлдемен оралды
Атыраулық студенттер жемқорлыққа қарсы республикалық квесттен жүлдемен оралды 04.06.2025

Атыраулық студенттер жемқорлыққа қарсы республикалық квесттен жүлдемен оралды

Павлодарда өткен «AntiParaGraft – 2025» республикалық квест-ойынында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері ІІ орын иеленді.

Шараны «Асыл Заман» қоғамдық қоры Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментімен бірлесіп ұйымдастырды. Квест «Заң және тәртіп» нарративі аясында өтті.

Байқауға елдің әр өңірінен жоғары оқу орындарының командалары қатысып, құқықтық сауаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет бойынша бес кезеңнен тұратын сайыста өз білімдері мен практикалық дағдыларын сынады.

Атырау өңірінің намысын Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Экономика және құқық факультетінің 6В04202 – «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының студенттері қорғады. Оқу орнының атынан екі команда — «Ар мен Заң» және «Адалдық альянсы» қатысты. Командалардың қатысуына «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының Атырау облыстық филиалы қолдау көрсетті.

Нәтижесінде «Ар мен Заң» командасы жүлделі ІІ орынға ие болды. Команданың жетекшісі — Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының сеньор-лекторы Бақытгүл Тажғарина.

Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан дипломмен және ақшалай сертификатпен марапатталды.

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Экономика және құқық факультетінің 6В 04202 Құқық қорғау қызметі ББ 3 курс студенттерінен құралған «Ар мен Заң» командасы 1. Ерикова Гүлназ
2. Аралбаев Өтеген
3. Қайрекен Ақгүл              
4. Әбдеш Медина                             
5. Таушанов Аян                          
6. Боранбай Диляра


«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі


WhatsApp Image 2025-06-04 at 20.40.27 (1).jpeg


WhatsApp Image 2025-06-04 at 20.40.26.jpeg


WhatsApp Image 2025-06-04 at 20.40.25.jpeg



Тізімге оралу