«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Қаржылық тұрақтылық - берекелі қоғам негізі!

  • ЖАҢАРУ
  • Қаржылық тұрақтылық - берекелі қоғам негізі!
Қаржылық тұрақтылық - берекелі қоғам негізі! 26.02.2025

Қаржылық тұрақтылық - берекелі қоғам негізі!

   «AMANAT» партиясы жүзеге асырып отырған «Қарызсыз қоғам» жобасы азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, қарыздық жүктемені төмендетуге және отбасылық бюджетті тиімді басқаруға бағытталған "Ашық алаң" дөңгелек стол отырысына қатысып, осы бағытта "ЖАҢАРУ" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс" РҚБ-нің Астана қалалық филиалы белсенділерінің жұмысы туралы баяндап, әр қарай осы бағыт-бағдарда қоғамдық және мемлекеттік органдардадың жұмысын жандандыру туралы пікірімді айттым.
   Бұл бастама қоғамдағы экономикалық тұрақтылықты нығайтып, халықтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз.
   Аталған шараға «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек қатысып, өткен жылы жүзеге асқан жұмыстарды қорытындылап, биылғы жоспарлармен бөлісті.
  Жоба аясында азаматтарға қарыздық міндеттемелерден құтылу жолдары, қаржылық жоспарлау және несиелік қауіптерден сақтану жөнінде кеңестер берілетіні жарияланды.
   Сонымен қатар, Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары заңсыз қаржылық әрекеттердің салдары туралы нақты мысалдар келтіріп, қатысушыларға тәжірибелік ақпарат ұсынды.
  Әрбір азамат өз құқығын біліп, қаржылық қауіптерден қорғана білуі маңызды.
   Мемлекет Басшысының, Заң мен тәртіпті сақтау жөніндегі тапсырмасын орындау - баршамыздың ортақ міндетіміз.
  Барша қатысушылар арасында және қоғамда, тек заң аясында әрекет ету арқылы ғана тұрақты әрі қауіпсіз қоғам құра аламыз деген пікір қалыптасуда!

“ЖАҢАРУ” баспасөз қызметі


Тізімге оралу