«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

«Адал жастар – парасатты қоғам кепілі» атты ауқымды форум өтті.

  • ЖАҢАРУ
  • «Адал жастар – парасатты қоғам кепілі» атты ауқымды форум өтті.
 «Адал жастар – парасатты қоғам кепілі» атты ауқымды форум өтті. 10.12.2024

«Адал жастар – парасатты қоғам кепілі» атты ауқымды форум өтті.

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында
«Адал жастар – парасатты қоғам кепілі» атты ауқымды форум өтті.

Форумның БАҒДАРЛАМАСЫ:

15:00 Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сәлемов Серік Жақсылықұлының алғы сөзі
15:05 ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Дәурен Омаровтың сөзі
15:10 Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлының сөзі
15:15. “Адалдық сағаты» акциясы аясында әзірленген «Тау тұлғалы Тұрар» бейнедәрісінің көрсетілімі
15:20. “Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы” РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, департамент жанынан құрылған спикерлер пулының жетекшісі Төлендиев Қасымхан Естемесұлының сөзі
15:25. Тараз қаласы №39 мектеп-гимназиясының «Адал ұрпақ» клубының «Заң бәріне ортақ» сахналық қойылымы
15:30. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенті Смайл Бақтиярдың «Жемқорлық жетер түбімізге» атты шығармасы
15:35. «Жас шерханшылар» клубының «Ақиқаттың алдаспаны» композициясы
15:40. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға үлес қосқан қоғам белсенділерін марапаттау рәсімі
15:50. Институт студенттерінің орындауында «Атамекен» әні
15:55. Форумды қорытындылау.

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық институттың ректоры - Махметғали Сарыбеков бұл институт Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық УНИВЕРСИТЕТ статусын алды деп қуанышты хабарды жариялады. Құтты болсын!

Қоғамның басты талабының бірі – әділдік пен заң үстемдігін орнату. Бұл жолдағы ең үлкен кедергі - сыбайлас жемқорлық екені сөзсіз. Біз осы қоғамдық кеселді қалайда жеңуіміз керек», деді Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев 2022 жылы бірінші ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері бойынша өткен кеңесте. Жемқорлықты жою үшін оған бүкіл ел болып қарсы тұруымыз керек деді.
Осыған орай, 2023 жылы 29 тамызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының «Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсеткен адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы қабылданғанын еске салғым келеді. Коррупция, Сыбайлас жемқорлыққа қатысты деректерді 1424 тегін номіріне шағымдануға болады. Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адам сот үкімінен кейін, пара сомасының 10 пайызын ала алады.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестік төрағасы Мэлс Семгалиев пен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара іс-қимыл жасау туралы Меморандумға қол қойды.
Еліміздің болашағы - жастардың құқықтық мәдениеті, құқықтық сауаттылығы және жастардың қауіпсіздігі мен қоғамдағы тәртібі күрделі мәселе десек қателеспейміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екінші Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Жастардың құқықтық сауатын арттыру аса маңызды. Сонда әркім өзінің құқығын қорғай біледі және өзгенің құқығын таптамайды», деп атап өтті.
Осы орайда, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің былтырдан бері барлық облыстарда «Жастардың құқықтық сауаттылығын, құқық қорғау органдарына деген сенімділігін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» атты жобасы дер кезінде қолға алынғанын айта кету керек.
Жобаны іске асыру үшін Жамбыл облысында да, бекітілген кестеге сәйкес нақты, кешенді іс-шаралар ұйымдастырылды. Былтыр Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде, Жамбыл медициналық жоғары колледжінде, ҰҚК Шекара департаментінде, Құлан агротехникалық жоғары колледжінде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Бір айта кетерлігі, осы колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «ЖАҢАРУ» дың жастар қанаты «Жас қыран!» ұйымы құрылды. Мұндай ұйым Жамбыл медициналық жоғары колледжінде де құрылды.
Биыл жыл басынан бері осы тақырыпқа байланысты 5513 Ұлттық ұлан әскери бөлімінде, Күзет қызметі басқармасында, Құлан Агротехникалық жоғары колледжінде және Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық кітапханада жастармен кездесулер өтті. Ал Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында студенттер қатысқан кең көлемде тағылымды іс- шара ұйымдастырылып, ынтымақтастық Меморандум қабылданды.
Аталған шараға «АMANAT» партиясының «Жастар рухы», «Студенттік Альянс», «Саналы ұрпақ», «Жас қыран» және «Жастар парламенті» клубының еріктілері,зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары және бүгін марапатталған қоғам белсенділері қатысты. Бүгінгі сәтті пайдаланып Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Махметқали Сарыбеков пен комплаенс қызметінің басшысы Орынқыз Жолдасоваға және барлық қоғам белсенділеріне Алғыс айтамыз!
Бүгінгі форумда қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, коррупция тәуекелдерін болдырмауға, жастарды адалдыққа, парасаттылыққа бағыттап жүрген мына қоғам белсенділері марапаттылды:
Жамбыл облысы әкімінің атынан алғыс хатпен облыс әкімінің орынбасары Серік Жақсылықұлы Сәлемов мына қоғам белсенділерін марапаттады:
1) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының қосымша білім беру, тәрбие және балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы – Амангельдина Эльмира Пернебекқызы;
2) Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Жастар саясаты және тәрбие жұмысы» басқармасының басшысы – Бекназаров Бахтияр Арманұлы;
3) Республикалық «Время» қоғамдық-саяси газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі – Әуелбекова Айжан Ермекқызы;
4) Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Жастар жобалары мен еріктілік қызметі» секторының жетекшісі – Әбітаева Назгүл Жаңабекқызы;
5) Жамбыл политехникалық жоғары колледжі директорының оқу әдістемелік бірлестігі және құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары – Алтынбек Ұлбике Алтынбекқызы.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының атынан алғыс хатпен оның бірінші орынбасары Дәурен Омаров марапаттады:
1) «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі – Әлімқұл Данияр Ілиясұлы;
2) «Хабар 24» телеарнасының Жамбыл облысы бойынша аға меншікті тілшісі – Сулейманова Анастасия Эдуардовна;
3) «Атамекен бизнес» арнасының Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі – Нұрлан Асқарұлы;
4) Жамбыл облыстық «Жастар ресурстық орталығының» директоры – Қадыралиев Айбек Амансейітұлы;
5) Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығының» директоры – Есіркепов Абзал Есенұлы;
6) М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Жастармен жұмыс бөлімінің» басшысы – Мамыш Дәурен Дастанұлы;
7) Жамбыл жоғары медициналық колледжінің жастар ісі жөніндегі инспекторы – Әбдіманапова Томирис Алмазқызы;
 №39 мектеп-гимназиясының «Адал ұрпақ» еріктілер тобының жетекшілері – Орашева Перизат Кенжебекқызы, Садубаева Ұлдана Айдарқызы;
9) Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенті – Смайл Бақтияр.

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан филиал директоры Қасымхан Төлендиев марапаттады:
1) Білім саласының ардагері, облыстық қоғамдық кеңестің жауапты хатшысы – Орынбаева Жанар Рымбекқызы;
2) Білім жане ғылым салалық касіподақтың Жамбыл облыстық ұйымының төрағасы – Мағзымбеков Ерұлан Сәбенұлы;
3) Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының комплаенс қызметінің басшысы – Жолдасова Орынқыз Копбосынқызы;
4) Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл әмбебап ғылыми кітапхананың директоры – Абдинова Эльмира Елеусізқызы.

«Адал қоғам» қоғамдық бірлестігі атынан Назима Жувандыкова марапаттады:
1) «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрағасы – Төлендиев Қасымхан Естемесұлы;
2) Тараз қалалық мәслихат депутаты – Әсел Әбілханқызы;
3) Талас аудандық мәслихат депутаты – Асем Абдразақова;
4) «Сая-Нұр» жекеменшік балабақшасының құрылтайшысы – Гүлбақыт Кеңесовна.

«АНТИКОР ОРТАЛЫҒЫ» ФРОНТ-ОФИСІНДЕ МАРАПАТТАЛҒАНДАР:
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының атынан алғыс хатпен:

1) Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаментінің құқықтық қамтамасыз ету жұмысы және ұйымдастыру бөлімінің басшысы – Акипбаева Гульмира Ильясовна;
2) Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының медиаторлар кеңесінің төрайымы – Федорова Ирина Геннадьевна;
3) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының әкімшілік және қаржы бөлімінің басшысы – Серікбаев Гүлдана Кенжеқарақызы;
4) Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарына мониторингі бөлімінің бас маманы – Шегебай Шерхан Әбілханұлы;
5) Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қоғамдық саяси ахуалды талдау, болжау және азаматтық қоғам институттармен жұмыс бөлімінің бас маманы – Алимжанов Қанат Әбзелбекұлы;
6) Жамбыл облысы «Жобалық басқару және цифрландыру орталығының» инспекторы – Аблайбек Назерке Бауыржанқызы;
7) Жамбыл облыстық қан орталығының комплаенс офицері – Рахимжанова Раушан Косимовна;
«Адал қоғам» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Мамраимов Еркебұлан Ержанұлы;
9) «Меркі – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі – Узбекбаев Нұрдаулет Серікұлы;
10) «Жуалы – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі – Кәрібай Олжас Батырханұлы;
11) Жамбыл облысы Әділет департаментінің филиалы «Тараз қаласының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің» басшысы – аға сот орындаушысы Кенбаев Ерлік Сұлтанұлы;
12) Жамбыл облысы Әділет департаментінің филиалы «Тараз қаласының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің» сот орындаушысы – Нұрханова Алма Жүрсінқызы;
13) Жамбыл облысы заң консультанттар палатасының заң консультанты Скавинская Светлана Викторовна;
14) Жамбыл облысы нотариаттық округінің нотариусі – Мамедахунов Сабит Хабибуллаевич;
15) Жамбыл облысы өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы – Абдуллаұлы Мақсат;
16) Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты – Аманжолова Айнұр Бейбітқызы;
17) Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназия директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Рамазан Рустам Ерболатұлы;
18) М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің студенті, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік қозғалысының» мүшесі – Қанатұлы Эмир;
19) Жеке кәсіпкер, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік қозғалысының» мүшесі – Сембиев Ерлан Амитович.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының Алғыс хатымен:
1) ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы – Шарипов Руслан Шамелұлы;
2) Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы – Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлы;
3) «Сенімен болашақ» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының директоры – Бағжанов Дәурен Оралұлы;
4) ҚР Білім жене ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы – Нысанбаев Мұхит Аманқұлұлы;
5) «Отандастар» қорының төреағасы – Төлебаев Арқабек.
6) Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры – Қалиев Сауран Қалиұлы;
7) «Аулиеататранспасс» ЖШС басшысы Пірманов Рашид Сантөреұлы;
 Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» директоры – Қадыралиев Айбек Амансейітұлы;
9) «АМАНАТ» партиясы Жамбыл облыстық филиалының консультанты – Еркебай Ілияс Ержанұлы;
10) «АМАНАТ» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы – Әбуғали Ерғали Рүстемұлы.
Марапаттарыңыз Құтты болсын!

Қасымхан ТӨЛЕНДИЕВ -
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы
жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Жамбыл
облыстық филиалының директоры,
«АнтиКорр» жанындағы спикерлер пулының жетекшісі.


469772316_1817616069042566_5573434541979810285_n.jpg

469706844_1817616775709162_4058817696596916293_n.jpg

469806278_1817617332375773_4223391266142485356_n.jpg

469831230_1817617379042435_4786528015659739199_n.jpg

469858037_1817617362375770_8336720815182325058_n.jpg

469907563_1817616315709208_7767023672168479976_n.jpg

469882920_1817617045709135_1750502573273036679_n.jpg

Тізімге оралу