«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті

Состоялось первое заседание Общественного совета 16.09.2024

   2024 жылғы 14 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жаңартылған Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті.

   Кеңес құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері мен ғалымдар кірді.

   Жаңартылған Қоғамдық кеңес құрамына «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Төрағасы Мэлс Зайноллаұлы СЕМҒАЛИЕВ қайта сайланды.

   Сонымен қатар, «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары Бейбіт Баймағамбетұлы МАМРАЕВ және «ЖАҢАРУ» қозғалысының белсенді мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Николай Геннадьевич АРСЮТИН Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қоғамдық кеңесінің құрамына кірді.

   Отырыста Қоғамдық кеңестің төрағасы болып, ашық дауыс беру арқылы, бірауыздан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Советұлы БАШИМОВ қайта сайланды.

 

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі



f9d8d3501c22bae4f33fa74cc1cc570a_1280x720.jpg


c49b08de91729231b7ef0d5dde254836_1280x720.jpg


b0e11bb5bfec633c91aee3a777b5f7c9_1280x720.jpg


Тізімге оралу