«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

«Құқықтық сауаттылық -заман талабы»

"Правовая грамотность-требование времени». 14.09.2024

    13   қыркүйек 2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарақ министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қаласы филиалының ұйымдастыруымен Астана қаласы Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі «Жастардың құқықтық сауаттылығын және жастардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу» жобасы аясында «Құқықтық сауаттылық -заман талабы» тақырыбында студенттермен кездесу пікір алмасу, дәріс оқу іс-шарасы ұйымдастырылды.

    Іс- шараға «ЖАҢАРУ» РҚБ-ің төраға орынбасары, «ЖАҢАРУ» РҚБ-ің Астана қалалық филиалының директоры, ҚР ІІМ-і жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі, ҚР Прокуратурасының құрметті прокуроры Рахметуллин Дәуклеткерей Рахметоллаұлы, Астана Астана халықаралық университетінің жанындағы Педагогикалық колледжінің директоры Адильжанов Ардак Адилгазыевич, «ЖАҢАРУ» РҚБ -гі Алматы аудандық филиал директоры Қаппаров Дарын Кұралұлы, қатысып, жастарды қоғам дертіне айналған жемқорлықтан сақтануға шақырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, парасаттылық, адалдық, жауаптылық және патриотизм қағидаттарын сіңірудің маңыздылығын атап өтті.

    Спикер Дәулеткерей Рахметоллаұлы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дәріс оқып,яғни әрбір оқу орны үшін адалдық пен парасаттылықты сақтау және сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстарының жүзеге асырылу барысы туралы баяндап, өмірлік мысалдар келтіріп, жастар тарапынан сұрақ – жауап,пікір алмасу болды.

    Кездесу, дәріс оқу барысында буклеттер таратылып, сауалнама жүргізіліп, студенттер үлкен қызығушылықпен тыңдап қана қоймай, сонымен қатар қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне қатысты өз сұрақтарына жауап алып, пікірталас тәсілінде өте тартымды өтті .

«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі



WhatsApp Image 2024-09-13 at 17.33.37 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-09-13 at 17.33.36 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-09-13 at 17.33.37 (2).jpeg


WhatsApp Image 2024-09-13 at 17.33.37.jpeg


WhatsApp Image 2024-09-13 at 17.33.35.jpeg


Тізімге оралу