2024 жылғы 13 қыркүйек күні «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің басшылығы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жас оқытушылармен және білім алушылармен кездесу өткізді.
Жиында келесі сұрақтар талқыланады:
- Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2024 жылғы 02 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау;
- Заң мен тәртіп аясында жастардың құқықтық сауаттылығын және халықтың мемлекеттік органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін талдау.
Іс-шараға келесі тұлғалар қатысады:
- Мэлс Зайноллаұлы СЕМҒАЛИЕВ, «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасы;
- Оралбай Әбдікәрімұлы ӘБДІКӘРІМОВ, «ЖАҢАРУ» РҚБ Құрметті Төрағасы;
- Бейбіт Баймағамбетұлы МАМРАЕВ, «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары;
- Дархан Қамзабекұлы МЫҢБАЙ, «ЖАҢАРУ» РҚБ Кеңес мүшесі.
Кездесу Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандуммен шеңберінде ұйымдастырылады.
Жиналыс соңында «сұрақ – жауап» форматында пікір алмасу өтті.
Бұл кешенді іс-шараны «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі