08.09.2023
Сегодня, 8 сентября 2023 года в городе Астана на базе Акционерного общества «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева» была организована Республиканским общественным объединением «Общенациональное движение против коррупции «ЖАҢАРУ» диалоговая площадка в рамках социального проекта «Проведение комплекса мероприятий по повышению правовой грамотности молодежи и уровня доверия к правоохранительным органам».
Данный проект реализуется при поддержке НАО «Центр поддержки гражданских инициатив» Министерства культуры и информации Республики Казахстан.
В этот раз для диалога была выбрана тема «Правовая культура – основное условие минимизации коррупции в обществе».
Диалоговую площадку были приглашены преподаватели и студенты ВУЗов столицы, руководители и представители государственных и правоохранительных органов столицы, депутаты Маслихатов города, члены общественных советов и общественных организаций города Астана, представители СМИ, активисты РОО «ЖАҢАРУ».
В диалоге участвовали все приглашенные участники в формате «доклады, вопросы-ответы».
Выступавшие в ходе обсуждения освещали теоретическую основу правовой культуры, приводили примеры из практики как правовая культура минимизирует коррупцию и тем самым доказывали, что правовая культура является основным условием минимизации коррупции, озвучивали идеи, предложения, рекомендации по развитию правовой культуры.

Участвовавший в работе диалоговой площадки Председатель РОО «ЖАҢАРУ» М.З. Семгалиев своем докладе отметил, что «... государством ведется системная работа по борьбе с этим злом.




... Однако говорить о коренном переломе преждевременно. По оценке международных экспертов, в том числе «Transparency International» мы находимся в группе середнячков из 180 государств, охваченных мониторингом. Что же необходимо предпринять, чтобы значительно снизить уровень коррупции в стране?

… А для этого нужно усилить правовое просвещение как молодежи, так и государственных служащих. Формировать в обществе антикоррупционную культуру, неприятие коррупции на всех уровнях, начиная от бытовой, в среде студенчества, так и в коллективах государственных органов. 
… Мы, движение «ЖАҢАРУ», понимая необходимость и актуальность проблемы правового просвещения молодежи, повышения уровня доверия к правоохранительным органам реализуем социальный проект во всех регионах нашей страны.». По итогам работы диалоговой площадки были приняты Рекомендации по повышению правовой культуры молодежи, как основное условие минимизации коррупции в обществе.


Пресс-служба РОО «ЖАҢАРУ»
Бүгін, 2023 жылғы 8 қыркүйекте Астана қаласында «M.S. Narikbaev atyndagy KAZGUU Umversiteti» Акционерлік қоғамының базасында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы әлеуметтік жобасының аясында пікір талас алаңы өтті.
Бұл жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.
Бұл жолы диалог үшін «Құқықтық мәдениет – қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты азайтудың басты шарты» атаулы тақырып таңдалды.
Пікір талас алаңына елордалық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, елорданың мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары мен өкілдері, қалалық Мәслихаттардың депутаттары, Астана қаласының қоғамдық кеңестері мен қоғамдық ұйымдарының мүшелері, БАҚ өкілдері, «ЖАҢАРУ» РҚБ белсенділері қатысты.
Барлық шақырылғандар «баяндамалар, сұрақтар және жауаптар» форматында пікір таласқа қатысып отырды.
Талқылау барысында сөз сөйлегендер құқықтық мәдениеттің теориялық негіздеріне тоқталып, құқықтық мәдениеттің сыбайлас жемқорлықты барынша азайтатынын тәжірибеден мысалдар келтіре отырып, сол арқылы құқықтық мәдениет сыбайлас жемқорлықты барынша азайтудың басты шарты екенін дәлелдеп, құқықтық мәдениетті дамыту бойынша ойларын, пікірлерін, ұсыныстарын айтты.
Диалог алаңына қатысқан «ЖАҢАРУ» РҚБ төрағасы М.З. Семғалиев өз баяндамасында «... мемлекет бұл зұлымдықпен күресу үшін жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.
... Дегенмен, түбегейлі өзгеріс туралы айтуға әлі ерте.
Халықаралық сарапшылардың, соның ішінде «Transparency International» ұйымының бағалауы бойынша, біз мониторингпен қамтылған 180 елдің орта тобындамыз.
Елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін айтарлықтай төмендету үшін не істеу керек?
... Ал ол үшін жастардың да, мемлекеттік қызметкерлердің де құқықтық білімін күшейту керек.
Қоғамның барлық саласындағы, тұрмыстық жағдайдағы, студенттер арасындағы және мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қажет.
...Біз, «ЖАҢАРУ» қозғалысы жастарға құқықтық тәрбие беру, олардың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру мәселесінің қажеттілігі мен өзектілігін түсіне отырып, еліміздің барлық аймақтарында әлеуметтік жобаны жүзеге асырудамыз.» деп атап өтті.
Пікір талас алаңы жұмысының қорытындысы бойынша Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты барынша азайтудың негізгі шарты жастардың құқықтық мәдениетін арттыру керек екендігі туралы Ұсынымдар қабылданды.
