
«Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» әлеуметтік жоба аясында 30-тамыз Конституция күніне орай Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Мен Конституцияны жатқа білемін» атты үздіктер сайысы жыл сайынғы дәстүр бойынша ұйымдастырылған болатын. Байқау жеңімпаздарына оқу ақысына сәйкесінше 100 % 50% 30 % жеңілдіктер ұсынылды. Байқауға тек құқық бағытының білім алушылары ғана емес басқа да мамандықтардан білім алушылардың көптеп қатысуы - «заңды білгеннің пайдасы болмаса, зияны жоқтығын» жастардың түсінгендігі қуантарлық жағдай. Бұл да өз деңгейінде құқықтық сананың қалыптасуына тиімді әсер етудің жолдары болмақ.
Ата заңымыздың қоғам өмірін реттеуде үстемдігі арта берсін. Барша Қазақстан халқын атаулы мерекемен құттықтаймыз. Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын!
ЖАҢАРУ РҚБ
Атырау филиалы төрағасы С.Н.Идрисов




