
2024 жылғы 17 шілде күні «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің басшылығы Астана қаласы мәслихаты басшылығымен диалог өткізілді.
Диалогтың кезінде келесі сұрақтар қаралды:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның туындау себептерін жою жолында бірлескен шаралар өткізу;
- қалың бұқараның құқықтық сауаттылығын арттыру;
- халықтың мемлекеттік органдарға сенім деңгейін жоғарлату;
- өзара ынтымақтастық туралы бірлескен Меморандумға қол қою.
Кездесуде келесі тұлғалар сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды:
- Мэлс Зайноллаұлы СЕМҒАЛИЕВ, «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасы;
- Оралбай Әбдікәрімұлы ӘБДІКӘРІМОВ, «ЖАҢАРУ» РҚБ Құрметті Төрағасы;
- Ерлан Ермекұлы КАНАЛИМОВ, Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының Төрағасы;
- Дәулеткерей Рахметоллаұлы РАХМЕТУЛЛИН, «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары, Астана қалалық филиалының директоры;
- Бейбіт Баймағамбетұлы МАМРАЕВ, «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары;
- Қабдолла Хамитұлы ӘЛИЕВ, «ЖАҢАРУ» РҚБ Орталық аппаратының басшысы.
Іс-шараға Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының депутаттары А.С. Айтхожин, А.С. Смағұлов, Ғ.Қ. Тажімұратов, М.Е. Самамбетовтар қатысып отырды.
Жиналыс соңында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Төрағасының орынбасары, Астана қалалық филиалының Директоры Дәулеткерей Рахметоллаұлы РАХМЕТУЛЛИН мен Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының Төрағасы Ерлан Ермекұлы КАНАЛИМОВ өзара ынтымақтастық туралы бірлескен Меморандумға қол қойды.
Тараптар осы Меморандуммен бірлескен іс-шаралардың төмендегідей басты мақсаттарын белгіледі:
- Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік саясатын қолдау;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның туындау себептерін жою жолында бірлескен шаралар өткізу;
- жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру;
- сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;
- ұлттық құндылықтарды сақтау;
- жастарды тәрбиелеу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды дағдыландыру;
- өскелең ұрпақты жаңа өмірлік көзқарастармен және қағидаттармен тәрбиелеу;
- бірлескен бағдарламалар әзірлеу;
- бірлескен жұмыс топтарын құру;
- акциялар, конференциялар, зерттеулер, дәрістер, дөңгелек үстелдер және басқа да әр-түрлі іс-шаралар өткізу;
- сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік құбылыс ретінде жоюға бағытталған бастамаларды қалыптастыру және ілгерілету;
- бірлескен жобаларды орындау барысында заманауи технологиялар мен инновацияларды қолдану;
- қажетті ақпараттармен алмасу.
Бұл кешенді іс-шара «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында өтті.
Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
Жиналыстың соңына қарай «сұрақ-жауап» түрінде пікір алмасу өтті.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі