«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Атырауда «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеу орталығы ашылды

  • ЖАҢАРУ
  • Жаңалықтар
  • Атырауда «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеу орталығы ашылды
В Атырау открылся Центр изучения проблем коррупции «ЖАҢАРУ» 05.07.2024

    2024 жылғы 04 шілде күні Атырау қаласындағы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті жанынан «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеу орталығы ашылды.

    Бұл орталықты «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі және Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті бірігіп ұйымдастырды.

    «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеу орталығының басты мақсаттары:

- Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мемлекет құру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі бастамаларын қолдау;

- сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды анықтау бойынша талдау жүргізу;

- сыбайлас жемқорлықты жою бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу;

- сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу;

- жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

- жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру;

- халықтың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін жоғарылату.

    Орталық «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары оқу орындары жанынан ашқан алғашқы зерттеу алаңы.

    Салтанатты іс-шараға келесі тұлғалар қатысты:

- Бейбіт Баймағамбетұлы МАМРАЕВ «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик;

- Нұрлан Серікұлы ЖАХИН, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті  басшысының бірінші орынбасары;

- Саламат Нұрмұханұлы ИДРИСОВ, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының Директоры, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректор, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор;

- квазимемлекеттік секторларының комплаенс-қызметкерлері, оқытушы-профессорлар мен студенттер қатысты.

    «Сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы індет. Жемқорлықты жеңу жолдары өте көп. Дегенмен, әр адам өзінен бастауы керек. Сол кезде бұл індетпен күресіп, нәтижелі еңбекке жетуге болады. Жастар арасында құқықтық сауаттылықты насихаттауды ұйымдастыру мақсатында ашылып отырған «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеу орталығының жұмысына сәттілік тілей отырып, алдағы уақытта жүйелі, нәтижелі жұмыстар күтеміз», - деді Б.Б. МАМРАЕВ.

    «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеу орталығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептерді зерделеп, құқықтық сауаттылық саласындағы озық тәжірибелерді зерттеп, жемқорлықпен күресудің жолдары мен оны болдырмау мақсатындағы ғылыми ізденістер жасап нақты ұсыныстар беретін алаңға айналмақ.

    Бұл кешенді іс-шара «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында өтті.

    Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.

 «ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі


449954041_1027343395476780_83475071099109661_n.jpg


449492557_1027343458810107_1050076677187968642_n.jpg


449999245_1027862325424887_8876731688211723002_n.jpg


449722731_1027343582143428_744384490231104370_n.jpg


450052008_1027343818810071_4268803281425838551_n.jpg


449746594_1027343895476730_3773220083583994931_n.jpg



Тізімге оралу