
Кездесу барысында құқық қорғау саласындағы мамандары сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша дәрістер оқыды.
Бұл кешенді іс-шара «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында өтті.
Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
Кездесуге төмендегі тұлғалар қатысып, дәріс оқыды:
- Д.Р. Рахметуллин, «ЖАҢАРУ» РҚБ төрағасының орынбасары, Астана қалалық филиал директоры, ҚР ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі;
- Ж.И. Ибрагимов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы;
- Н.О. Хотиев, «ЖАҢАРУ» РҚБ Астана қаласы Нұра аудандық филиалының директоры;
- Д. Ислам, Қайым Мұхамедханов атындағы № 90 мектеп-гимназиясы директорының міндетін атқарушы.
Жиналыстың соңына қарай «сұрақ-жауап» түрінде пікір алмасу өтті.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі