«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

«ЖАҢАРУ» белсенділері депутатпен кездесу өткізді

Активисты «ЖАҢАРУ» встретились с депутатом 05.06.2024

    2024 жылғы 05 маусым күні Астана қаласында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің орталық офисінде қалалық мәслихат депутатымен кездесу өтті.

    Іс-шараға Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының Төрағасы Ерлан Ермекұлы КАНАЛИМОВ және «ЖАҢАРУ» РҚБ белсендері, БАҚ өкілдері қатысты.

    Кездесу «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында өтті.

     Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.

    Жиналысты «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары Бейбіт Баймағамбетұлы МАМРАЕВ жүргізіп отырды.  

    Кездесуде келесі тұлғалар сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды:

- Оралбай Әбдікәрімұлы ӘБДІКӘРІМОВ, «ЖАҢАРУ» РҚБ Құрметті Төрағасы;

- Ерлан Ермекұлы Каналимов, Астана қаласы мәслихатының Төрағасы;

- Дәулеткерей Рахметоллаұлы РАХМЕТУЛЛИН, ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары, Астана қалалық филиалының Директоры;

- Бейбіт Баймағамбетұлы МАМРАЕВ, «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары.

    Кездесу мәлімет пен пікір алмасу форматында өтті.

    «ЖАҢАРУ» РҚБ Құрметті Төрағасы Оралбай Әбдікәрімұлы ӘБДІКӘРІМОВ қалалық мәслихат Төрағасына кездесуге арнайы келгені үшін рахмет айтты және мәслихат депуттарына «ЖАҢАРУ» қозғалысы мүшелерінің қызметін қолдап жүргендері үшін алғысын жеткізуді сұрады. Ол өз сөзінде депутаттардың сыбайлас жемқорлықпен күреске атсалысып жүргенін халық, қоғам біледі, біздің бірлестік қазір жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру мәселелерімен тығыз айналысып жүр, осы ретте студенттер мен жас мамандар үшін көптеген іс-шаралар ұйымдастырамыз, соған мәслихат депутаттарын жүйелі түрде қатысып отырса құба-құп болар еді, сосын сыбайлас жемқорлық орын алған ұжымдарға депутаттармен бірге барып жиналыс өткізсек деген   ұсынысымыз бар.

      Астана қаласы мәслихатының Төрағасы Ерлан Ермекұлы КАНАЛИМОВ кездесу барысында мәслихат депутаттарының қоғамдық ұйымдармен бірлесіп сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған қызметтері туралы ақпарат берді, коррупцияға қарсы іс-қимыл атқарып, күресіп жүрген қоғамдық ұйымдардың арасында «ЖАҢАРУ» бірлестігінің орны бөлек екенін атап айтып, қозғалыс мүшелерінен қалалық мәслихат, оның депутаттары көтеріп жүрген мәселелерді шешуге атсалысуын сұрайтынын мәлімдеді, мысалы, мәслихат депутаттары мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізбекші, сол процесстерге бірлестіктің қатысуын сұрады. Ол сөз соңында, құқық қорғау органдарына деген сенім мәселелерінің және құқықтық сауаттылық сұрақтарының әрқашан өзектілігін атап өтті, сосын қалалық мәслихат пен «ЖАҢАРУ» бірлестігінің арасында Меморандум жасау керектігі туралы ұсыныс айтты.

      «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары, Астана қалалық филиалының Директоры Дәулеткерей Рахметоллаұлы РАХМЕТУЛЛИН бірлестіктің елордалық филиалының жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыруға бағытталған жұмыстары туралы, алдағы жоспарлары туралы мағлұмат берді, мәслихат депутаттарын Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 2 қазандағы № 30-VIII ҚРЗ «Қоғамдық бақылау туралы» Заңын бірлесіп жүзеге асыруға шақырды.

     «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары Бейбіт Баймағамбетұлы МАМРАЕВ өз сөзінде «ЖАҢАРУ» қозғалысының республика бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі туралы, оны ішінде «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның іске асырылуы туралы мәлімет берді. Ол қалалық мәслихат пен «ЖАҢАРУ» бірлестігінің арасында Меморандум жасау керектігі туралы ұсынысты қолдайтынын, одан кейін ынтымақтастық деңгейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың бірлескен жоспарын жасайтын дәрежеге дейін көтеруге болатынын айтты.

    Жиналыстың соңына қарай «сұрақ-жауап» түрінде пікір алмасу өтті.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі




WhatsApp Image 2024-06-05 at 19.37.08 (1).jpeg

WhatsApp Image 2024-06-05 at 19.37.09.jpeg

WhatsApp Image 2024-06-05 at 19.37.09 (1).jpeg

447778584_3928695164073555_7281866642183290428_n.jpg

447778861_3928695257406879_9216570790545093573_n.jpg

447780435_3928695307406874_4601715127922742384_n.jpg

447638332_3928695210740217_3250834630206163524_n.jpg


Тізімге оралу