«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

"Құқықтық мәдениет – қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты азайтудың басты шарты" атты тақырыбында студент жастармен кездесу

  • ЖАҢАРУ
  • Жаңалықтар
  • "Құқықтық мәдениет – қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты азайтудың басты шарты" атты тақырыбында студент жастармен кездесу
"Құқықтық мәдениет – қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты азайтудың басты шарты" атты тақырыбында студент жастармен кездесу 03.05.2024
   2024 жылдың 3 мамырында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы” Республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» әлеуметтік жобаның аясында кезекті кездесу іс-шарасы өтті.
   Мақсат жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы  сананы қалыптастыру, құқықтық білім беру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, яғни адамның құқық негізінде өмір сүруге, заңдарды құрметтеуге, өз құқықтарын қорғауға,құқық қорғау органдарына сенім денгейін арттыру, жалпы айтқанда жоғарғы құқықтық сана сезімді насихаттайтын, күнделікті өмірде айқын көрініп жүрген сыбайлас-жемқорлыққа қарсы негативтік  құбылысты тоқтату жолдары талқыланды.
   Іс-шараны ЖАҢАРУ РҚБ-ің Астана қалалық филиалы директорының орынбасары,заң ғылымдарының докторы,профессор Ж.И.Ибрагимов жүргізіп отырды. Жастармен кездесуде “ЖАҢАРУ” РҚБ-і төрағасының орынбасары, Астана қалалық филиал директоры Рахметуллин Д.Р, Астана қаласы Полиция Департаменті Алматы ауданы Полиция басқармасының тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы полиция подполковнигі А.Жеткербайұлы, «ЖАҢАРУ» РҚБ-ің Аппарат жетекшісі Алиев К.Х.,Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Астана қаласы бойынша Департаменттің Превенция басқармасының аға офицері Смагулова Г.С., Астана қаласы Полиция Департаменті Алматы аудандық полиция бөлімі 4 учаскесінің жауапты полиция инспекторы,подполковник Тойымбаев Е.Д., және басқада Полиция Департаменті қызметкерлері қатысып жастар алдында құқықтық сананы көтеру,құқық қорғау органдарына сенімділікті кеңейту мақсатында өз ақыл кеңестерін беріп, ой пікірлерімен бөлісті..Жастар тарапынан сұрақтар қойылып тұшымды жауаптар берілді.
   Іс шара барысында “Жас қыран” жастар қанатының жетекшісі Айару Қалыбаеваны таныстыру рәсімі өтті. Кездесу соңында “Жас қыран” жастар ұйымының мүшелері “Жастар-ел болашағы”,”Жемқорллыққа жол жоқ!”,” Құқықтық сананы-көтерейік!” тақырыбында флеш-моб өткізді. Іс-шара барысында буклет флаерлар таратылып сауалнамалар жүргізілді.

«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі


WhatsApp Image 2024-05-03 at 20.35.25 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-05-03 at 20.35.25.jpeg


WhatsApp Image 2024-05-03 at 20.35.26 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-05-03 at 20.35.26 (2).jpeg


WhatsApp Image 2024-05-03 at 20.35.27 (1).jpeg

WhatsApp Image 2024-05-03 at 20.35.27 (2).jpeg


WhatsApp Image 2024-05-03 at 20.35.27.jpeg





Тізімге оралу